Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің түрлі әдістері бар. Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.
Ең ескі, бірақ әлі де мағынасын жоғалтпаған, ғылымға ат берген әдіс – препараттау (гр. аnatemo – кесу, бұталау). Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20-30 есе үокейткенде көрінетін объекттерді макро- және микропрепараттағаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар: су тамшысы астында, су қабаты астында препараттау. Оның түрлі қышқылдар мен дәнекер тінді қопсытумен, түтікті жүйелерді (қан тамырларды, өзектерді) боялған массалапмен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады.
- Аутопсия
- бальзамдау
- Дене мүшелерін бөлшектеу.
- инъекция
- қатыратын заттармен иньекция
- антропометрия
- рентгеноанатомия
- томография
эндоскопия
- гистотопография
- световая и электронная микроскопия;
- контактная микроскопия
- соматоскопия – тірі адамда зерттеу жүргізу
- жануарларға зерттеулер жүргізу
Инъекция әдісі
Егер инъекциялық масса рентген сәулелерінен тұтатын болса, рентгенографиямен, егер арнайы өңдеуден кейін объект мөолірленіп, ал инъекцияланған тамырлар мен өзектер контрасталанып, лайланатын болса, сәулелендірумен ұштастыра қолданылады.
Кейіннен тіндерді қышқылдарда еріте отырып, тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау (коррозиялық әдіс) кеңінен қолданылады. Бұның нәтижесінде ағзаның (нерв, тамыр және т.б.) басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазытып қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу тәсілін бірінші рет қолданған Н.И. Пирогов. Егер қалыңдығы микрометрмен өлшенетіндей кесінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді тіндік ара қатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс гистографиялық деп аталады.