Бөлім Пәнге кіріспе. Тақырып


Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері



бет8/11
Дата25.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1- daris Anatomia

Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері:

  • Жұмсақ тіндердің (терінің, сіңірлерінің, шеміршектердің, паренхималық ағзалардың және т.б.) рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік беретін электрорентгенография. Бұл кескіндер әдеттегі рентгенограммаларда айқындалмайды, өйткені рентген сәулелерін ұстамайды.
  • Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан, рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.

Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге мүмкіндік береді.

  • Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге мүмкіндік береді.
  • Рентгеноденсимметрия – сүйектердегі минерал тұздардың мөлшерін организм тірі жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.
  • Анатомияның көптеген мәселелері жануарларға тәжірибе жасау арқылы шешіледі. Мұндай эксперименттер жекелеген ағзалардың да, сондай-ақ тұтас организмінің де құрылысы мен қызметін танып-білуде қолқабыс тигізеді.

Адам қанқасының бөліктері және осьтері мен жазықтықтары

  • Адам денесі бастан –caput, мойыннан – collum, денеден – truncus және екі жұр қол-аяқтан тұрады. Бастың бассүйек күмбезін – regiones fornicis capitis және бет бөлімін regiones faciei, дененің кеуде – thorax, іш перде – abdomen және арқа dorsum бөлімдерін ажыратады.

Аяқ - жамбас, сан, балтыр және аяқ басы бөліктерінен тұрады. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында да денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Іш қуысы екі горизонтал сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы он екінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосып, іш қуысын 3 аймаққа жіктейді. Олар - жоғарғы құрсақүсті, ортадағы құрсақ, төменгі кұрсақ асты. Іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үшке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы - оң, сол және ортаңғы, ал құрсақ аймағы — оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.

  • Аяқ - жамбас, сан, балтыр және аяқ басы бөліктерінен тұрады. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында да денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Іш қуысы екі горизонтал сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы он екінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосып, іш қуысын 3 аймаққа жіктейді. Олар - жоғарғы құрсақүсті, ортадағы құрсақ, төменгі кұрсақ асты. Іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үшке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы - оң, сол және ортаңғы, ал құрсақ аймағы — оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет