Бөлім Пәнге кіріспе. Тақырып


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АНАТОМИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ



бет2/11
Дата25.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1- daris Anatomia

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АНАТОМИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Адам ағзасының құрылымы, құрылысы, мүшелердің орналасуы мен жас ерекшеліктеріне сәйкес арақатынасын ескере отырып, жыныстық және жеке дара сипаттамасы.
  • Мүшелердің бір біріне бағынышты құрылысы мен құрылымының байланысын, сонымен қатар олардың қызметін зерттеу.
  • Бүкіл дененің және оны құраушы бөліктерінің заңдылық конституциясын анықтау.

Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:

  • Жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
  • Мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

Топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;

  • Топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
  • Салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
  • Түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

Тұққым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;

  • Тұққым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
  • Жас анатомиясы жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
  • Қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
  • сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерініңқұрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
  • Микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет