Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім
синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім
миология - бұлшықеттер туралы ілім
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім.
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
неврология — жүйке жүйесі туралы ілім.
эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Анатомия басқа пәндермен араласуы
Анатомия мен физиологияпәндері бір-бірімен өте тығыз байланысты.Физиологиямүшелердің, жүйелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ілім. Физиологиянегізінде тіріні өліден саналық жағынан айыратын маңызды тіршілік әрекеттердің заңдылықтарын зерттейді.
Анатомия мен физиология гистологиямен тығыз байланысты. Гистология (histos,ткань,ұлпа) - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Жалпы гистология цитология және гистология болып бөлінеді.
Анатомия, физиология медицина және биологиялық ілімнің негізі. Мүшелердің қалыпты жағдайдағы денедегіорнын білу нәтижесінде ауруды анықтап, адам денсаулығы үшін күресу мүмкін болады
Адам ағзасының структуралық ұйымдастырылуы.
Ағзалық (адам ағзасы– біртұтас ретінде);
Жүйе ағза ретінде (ағзалар жүйесі);
мүшелік (мүшелер);
тіндік (тіндер);
жасушалық (жасушалар);
жасушаішілік (жасушалық органеллалар).
ЖАСУША, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ (клетка, cellula)
Жасуша (клетка, cellula) - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т.Шванн (1810-1882 ж.ж.). Т.Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдеді.
Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі. Ол сопақ, домалақ және т.б. түрде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 млмикроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша (клетка) цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) — жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша, т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы бар. Дезоксирибонуклеин қышқылында нәсілден-нәсілге өтетін хабаршы (информация) “ген” сақталады.
Ядроның құрамында оның сұйықтығы - кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Қариоплазма судан, жай ақуыздан, дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.
Ядрошық, (ядрышко) — жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК), дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және ақуыздар болады.