Бөлім: Салт-дәстүр және Фольклор Мектеп



Дата15.03.2022
өлшемі406,3 Kb.
#135642
Байланысты:
ортеке
музыка қмж



Бөлім:

Салт-дәстүр және Фольклор

Мектеп:

№5 Нұртас Оңдасынов атындағы жалпы білім беретін мектеп

Күні:

23.02.2022ж

Сынып:

2 «в»

Пәні:

Музыка

Тақырыбы:

Ортеке

Мақсаты:

2.1.1.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтау;
2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;



Жоспарланған уақыты

Оқытушының іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.
Ертеректе театр, кино, теледидар, компьютер, ғаламтор болмаған. Сондықтан балаларға қызықты болу үшін күйшілер ағаштан жануарлардың мүсінін жасаған. Оны саусаққа байлап, домбыраның қағысына қарай қимылға келтірген. Бір қарағанда, орындалып жатқан күйге теке мүсіндері билеп жүргендей көрінеді. Асқан шебер орындаушылар бірнеше ортекеге дейін билете алады. Ортекені қозғалту мен билету, оны сахнада көрсету алғашқы қуыршақ театрының бастауы деуге болады және ол дәстүрлі өнер түрі. Белгілі күйші композитор Тәттімбет аталарың ортекеге арнайы күй шығарып, оны «Секіртпе» деп атаған.
Тәттімбет Қазанғапұлы Арқа өңірінің атақты күйшісі, композитор. Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. Оның «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Көкейкесті» күйлері халыққа кең танымал.

«Ортеке» күйінің бейнебаяны көрсетіледі. Топтармен талқыланады:


- Сендер не тыңдадыңдар?
- Музыка қандай жанрға жатады?
- «Ортеке», «ор» және «теке» сөздерінің мағынасын талқылайды.
- Ортеке мүсін ойыншығы қалай қозғалады?
- Қуыршақтардың қимыл, екпіні неге байланысты?
- Билеп жатқан ортекенің сахналық тұғыры (билейтін орны) қандай?





Топқа бөлу
1. Секіртпе
2.Сарыжайлау
3.Сылқылдақ


2-тапсырма.
«Ортеке» күйіне ырғақтық-би қимылдар ойлап құрастырады. Өз нұсқасында орындайды және өзіне, өзгелерге баға береді.


3-тапсырма.
- Шертер қандай аспапқа ұқсайды?
- Шертердің үні қандай?
- Шертердің дыбысы домбыраның дыбысынан өзгеше ме?

4-тапсырма.
«Ортеке»
Өлеңін жазған:Ш.Смаханұлы
Әнін жазған: Ә.Еспаев
1.Аты шыққан биімен,
Мен боламын ортеке,
Ойқастаған ортеке,
Қой бастаған ер теке.
Мен бір билеп берейін,
Буындарым былқылдап.

2.Қоңыр тоқты, көк тұсақ,


Сен де биле мен құсап.
Қарап тұрмай бекерге,
Серік болып текеге.
Қобыз мойын түйелер,
Шудаларың желкілдеп,
Өркештерің селкілдеп,
Тайраңдап бір билеңдер.
Тапсырма:
1.Әннің бірінші шумағындағы «Тұяқтарым сыртылдап», «Буындарым былқылдап» өлең жолдарын қимылмен көрсету.
2.Әннің екінші шумағындағы үй жануарларының қимыл-қозғалысын би арқылы көрсету.


5-тапсырма.
«Тез табамын»
(суырыпсалма тапқырлық ойын)


Ойынның шарты:
«Ортеке» әніндегі «Қоңыр тоқты, көк тұсақ» деген өлең жолының ән-ырғағын бұзбай сақтап, келесі беттегі түстер мен жануарлардың суретін қолданып орында.

Кері байланыс


Дескриптор:
Оқушыларға «Ортеке» күйінің бейнематериалы көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға күй туралы қысқаша ақпаратпен алмасады.

Дескриптор:
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ күйге ырғақтықби қимылдар ойлап құрастырады
Дескриптор:
Оқушыларға мұғалім шертер аспабын және оның дыбысы жазылған аудио тыңдатады. Оқушылар шертер туралы сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:
Оқушылар әннің бірінші шумағындағы «Тұяқтарым сыртылдап», «Буындарым былқылдап» өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Әннің екінші шумағындағы үй жануарларының қимыл-қозғалысын би арқылы көрсетеді.


Дескриптор:
Оқушылар «Ортеке» әніндегі «Қоңыр тоқты, көк тұсақ» деген өлең жолының ән-ырғағын бұзбай сақтап, келесі беттегі түстер мен жануарлардың суретін қолданып орындайды.

Дескриптор:
Оқушылар басбармағымен кері байланыс жүргізеді.

Формативті бағалау барлық кезде жүреді.
Оқушыларды марапаттау сөзбен бағалау:
Өте жақсы,
Жарайсың,
Талпын.

Жапсырма қағаздар


арқылы бағаланады.

Жапсырма қағаздар


арқылы бағаланады.

Жапсырма қағаздар


арқылы бағаланады.

Жапсырма қағаздар


арқылы бағаланады.

Оқулықтар, суреттер,
қарындаштар,
қағаздар беріледі.

Оқулық, қалам, дәптер, көрнекіліктер.


Оқулық, қалам, дәптер, көрнекіліктер.

Оқулық, қалам, дәптер, көрнекіліктер

Оқулық, қалам, дәптер, көрнекіліктер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет