Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
4 мин
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Топтарға бөлу, топ ережесін еске түсіру
2.Психологиялық жағымды ахуал тудыру
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
Оқу құралдарын дайындайды.
1 топ Кесте
2 топ График
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері, қалам
Слайд
|
Үй жұмысы
3 мин
|
1) P=4a a – тәуелді айнымалы шама (жалған)
2) C=2πr C - тәуелді айнымалы шама (ақиқат)
3) V= a3 a - тәуелсіз айнымалы шама (ақиқат)
4) d= 2r r - тәуелді айнымалы шама (жалған)
|
Интерактивті тақтадағы берілген дұрыс жауап арқылы тексеріп шығады.
|
1-2 дұрыс -1балл
3-4 дұрыс 2 балл
|
Жұмыс дәптері
Слайд
|
12 мин
|
«Ширату жаттығулары » арқылы өткен тақырыпты қайталау. Топтарға график сызылған парақ пен сұрақтар таратылады.
«Кесте» тобы
Берілген график ауа температурасының бір тәуліктегі өзгерісін көрсетеді.
График бойынша бос орындарды толтыр:
1) Уақыт – ... шама, ал ауа температурасы – ... шама.
2) Сағат ..., ... және ... ауа температурасы 0°C болды.
3) Сағат ... ең төменгі температура ... °C көрсетті.
4) Сағат 6-дан 16-ға дейін ауа температурасы ....
5) Сағат ... ең жоғарғы температура ... °C көрсетті.
«График» тобы
Балықшы үйінен шығып, көлге барып балық аулаған. Сонан соң үйіне қайтып келген. 8-суретте балықшының қозғалыс графигі көрсетілген.
8-сурет.
График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Үйінен көлге дейінгі қашықтық қандай?
Балықшы көлге дейін неше сағат жүрген және кері қайтқанда неше сағат жүрген?
Балықшы көл жағасында қанша сағат болған?
Үйінен шыққаннан соң 1 сағаттан кейін балықшы үйден қандай қашықтықта болған?
Үйден шыққаннан кейін неше сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болған?
|
Берілген графикті қолданып сұрақтарға жауап береді
№1. График бойынша бос орындарды толтыр:
1) Уақыт – .тәуелсіз.. шама, ал ауа температурасы – .тәуелді.. шама.
2) Сағат ..2., .11.. және .22.. ауа температурасы 0°C болды.
3) Сағат .5-30.. ең төменгі температура .-4,5.. °C көрсетті.
4) Сағат 6-дан 16-ға дейін ауа температурасы .жоғарылады...
5) Сағат .15-30.. ең жоғарғы температура 6,5 °C көрсетті.
№2. График бойынша сұрақтарға жауап беру
1)Үйінен көлге дейінгі қашықтық 20 км
2)Балықшы көлге дейін 2 сағат жүрген және кері қайтқанда 3 сағат жүрген
3)Балықшы көл жағасында 1 сағат болған
4)Үйінен шыққаннан соң 1 сағаттан кейін балықшы үйден 10 км қашықтықта болған
5)Үйден шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болған
|
Топтар бір-бірін бағалайды
|
График сызылған суреттер
Дәптер
Слайд
|
Сабақтың ортасы
12 мин
|
«Өзіңді сына» әдісін пайдаланып әрбір оқушы жеке есеп шығару
Интерактивті тақтада график және тест беріледі.
№1. График бойынша ең жоғары температураны анықта.
a) 2°C
b) 8°C
c) 9°C
d) 12°C
e) 14°C
№2. Графикте екі дененің қозғалысы көрсетілген. Бірінші және екінші денелер жылдамдығының қосындысын тап.
a) 10 м/с
b) 30 м/с
c) 20 м/с
d) 40 м/с
e) 50 м/с
№3. График бойынша температура 0°C болған уақытты анықта.
a) сағат 4-те, 7-де және 22.00-де
b) сағат 2-де, 4-те және 8-де
c) сағат 2-де, 7-де және 21.00-де
d) сағат 3-те, 7-де және 21.00-де
e) сағат 3-те, 9-да және 21.00-де
|
Берілген есеп шартын оқып , графикке қарап 1 сұрақ құрастыру
Графикті қолданып тест сұрақтарына жауап беру
Жауаптары
С
В
Е
|
Өзін- өзі бағалау
Смайлик арқылы
|
Оқулық
Жұмыс дәптері
Слайд
Смайлик
|
8 мин
|
« Сағат дос» әдісі арқылы жұппен тапсырма орындау
1 жұп Суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген.
1)Жаяу адам қанша уақыт жолда болған?Велосипедші ше?12 және 3
2)Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрген? Велосипедші ше? 5 және 20
2 жұп
Суретте катердің А айлағынан В айлағына барып қайту графигі кескінделген.
1)А және В айлақтарының арақашықтығы неше километр? 90
2) Катерлер неше сағат тоқтап тұрды? 2
|
3 жұп
суретте А және В пунктінен шыққан жолаушының қозғалыс графигі кескінделген.
1)Жолаушы неше рет аялдама жасаған? 2
2) Жолаушы 4 сағ та неше км жол жүрді?270
4 жұп
Графиктен жеңіл мәшиненің жылдамдығын тап
А қаласынан арақашықтығы 240 км В қаласына бір уақыт- та жүк мәшинесі мен жеңіл мәшине шыққан. суретте жүк мәшинесінің, жеңіл мәшиненің қозғалыс графиктері берілген .
1)Графиктен жеңіл мәшиненің жылдамдығын тап 80
2)Графиктен жүк мәшинесінің жыл- дамдығын табыңдар 60
5 жұп Суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген.
1)Жаяу адам қанша уақыт жолда болған?Велосипедші ше?12 және 3
2)Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрген? Велосипедші ше? 5 және 20
|
Жарайсың сөзімен ынталандыру
|
карточкалар
|
,Сабақтың соңы
Үй жұмысы
Ой толғаныс.
Кері байланыс
6 мин.
|
Үйге тапсырма:
Берілген график бойынша сұрақ құрастырыңыз.
Стикерлер тарату
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Берілген стикерлерге өз ойын жазады
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
Стикер
Жұмыс дәптері
Слайд
|