Солтанбаева Дуйсенкул Тлепбергеновна Тыңдаушының портфолиосы А және В бөлімі
Тараз қ. ПШО ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»
бойынша курстар
Бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім атауы
|
Өлкені сипаттау өнері
|
Оқу мақсаты
|
6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Уақыты
|
20 минут
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма. Өлеңді бірінші рет тыңдап, тірек сөздер және мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтаңыз.
Тірек сөздер: гүл, жұпар, неткен сұлу, неткен көркем, жұпар гүл, алтын дән, қала,өлке.
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Өтебай Тұрманжанов
2-тапсырма. Өлеңді екінші рет мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтайтын жетекші сұрақтарға жауап беріңіз.
Автор өз өлеңінде туған өлкені қалай суреттейді?
Неліктен алтын дәнді дала дейді?
Не үшін ақ күмістей қала дейді?
3-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттердің желісі бойынша 3-4 сөйлеммен ауызша әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: әсем табиғат, биік таулар, төрт түлік мал, дастарқан басында, күй.
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды.
|
1
|
Негізгі ойды тірек сөздер арқылы
анықтайды
Негізгі ойды мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
|
1
1
|
Негізгі ойды жетекші сұрақтар арқылы анықтайды
1-сұрақ
2-сұрақ
3-сұрақ
|
1
1
1
|
2
|
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолданады
|
3
|
Әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолданады
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады
әңгіменің басы - 1 сөйлем
әңгіменің ортасы - 2 сөйлем
әңгіменің соңы - 1 сөйлем
|
1
1
1
1
|
Барлық балл
|
9
|
«Өлкені сипаттау өнері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды.
|
Мәтіндегі негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтауда қиналады.
|
Мәтіндегі негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтауда қателеседі.
|
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды.
|
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолданады
|
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолдануда қиналады.
|
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолдануда қателеседі.
|
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда тірек сөздерді қолданады
| 4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым – 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері:
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – тыңдалым, екінші тапсырма – оқылым, үшіншісі – жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма- айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |