Бөлімдері: Экология Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі15,92 Kb.
#92441
Байланысты:
1. Жанды табиғат және жансыз табиғат


Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Экология
Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ жауап.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



-Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдандар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта.»

Балалар мұқият тыңдап отырады.





Ұйымдастыру іздестіру


Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар- осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?
Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз, өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.
«Жалғасын тап» ойыны.
Жансыз табиғат...(ай,жұлдыз,тас, су, ауа, тау т.б. )
Жанды табиғат-... (гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық).
Жанды табиғат жансыз табиғатсыз...-(тіршілік ете алмайды)
-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Сендерге таулы, орманды жер ұнай ма?
-Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы таза ма?
-Неліктен?
-Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады. Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.
-Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?
-Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары .
Балалар кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақт керек екен. Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Ағаштарды сындыруға болмайды, себебі: олар да өсіп- өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.
-Қалай ойлайсңдар, мына шемішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?
-Неге өспейді?

-Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.


-Өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға су, ауа керек. Олар онсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті.

-Тау, тас, ауа, су жатады.


-Ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау.
-Гүл, шөп,ағаштар,аю,қоян,тасбақа, балық, адам.
-Тіршілік ете алмайды.
Балалар сұрақтарға ойланып жауап береді.

-Жоқ өспейді.


Оны топыраққа отырғызып, күтіп-баптаса ғана өседі.

Рефлексивті түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.



Балалар көңіл күйлерін айтады.




Күтілетін нәтиже
Нені біледі: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Қандай түсініктерді игерді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп-баптауды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет