Білім беру саласы:Таным.
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы:Сандық (құрылыс материалдарынан құрастыру)
Мақсаты түрлі-түсті бөлшектерденсандық пішінін құрастыруға үйрету..Көрекмдік талғамын дамыта отырып,өзара жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.Өнерге деген қызығушылықтарын дамыту..
Көрнекіліктер:текшелер,жалпақ пластина,кірпіштер,жүк таситын мәшине,бидай мен тары,сандық.
Билингвальды компонент:сандық-сундук,бидай-пшеница,тары-пшено.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Тәрбиеші балаларға Марат деген баланың жүк мәшенесіне бидай мен тары тиеп алып келе жатқанын айтады.
-Бидайй мен тары өте көп,оларды үлкен сандық жасап ,сонда сақтайық.
Үлгі суретпен жұмыс.
Балаларға сандықтың суретін көрсетіп,сұрақтар қояды:
-Сандық қандай геометриялық пішінге ұқсайды?қанша қабырғалары бар?т.б.
Балалардың жауаптарын толықтырады:
-Сандықтар әртүрлі болады-азық-түлік салатын,киім сақтайтын.Барлық сандықтардың құрылымы бірдей:олардың төрт қабырғасы,төрт аяғы,бір қақпағы бар.
|
Тәрбиешінің хабарламасын тыңдайды,сандық жасауға келіседі.
Сандықтың сырты,іші қандай екенін көрседі.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
|
Ұйымдастыру-
іздестіру
|
Жұмбақ шешеміз
Төрт бұрышты,
Бір ауызды.(Сандық)
Сұрақтар қояды:
-Қандай құрылыс материалын аламыз?
-Кірпіштерді қалай қоямыз?
-Ал сандықтын аяқтарын қалай қоямыз?
Саусақтар серуені
Сандықты құрастыру жолдарын көрсетеді,бірге жасайды:
Сандықтың аяғын(кірпіштерді)түзу жатқызып қоямыз.Сандықтың үстін тақтайшамен жабамыз.Сандықтың төрт қабырғасы бір-біріне жақын ,тігінен
|
Жұмбақ шешеді.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
тұру керек.
Билингвальды компонент: сандық-сундук,бидай-пшеница,тары-пшено
Дербес жұмыс барысында тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектесіп жүреді.
«Сандыққа саламыз» ойыны
Марат(ойыншық бала)мәшинесімен бидай мен тары алып келеді.Тәрбиеші оны балалармен бірге жасаған сандықтарына салады.
Балалар тәрбиешімен бірге жұмыстарын сараптайды.
|
Тәрбиешінің әрекетін бақылайды.
Тәрбиешінің көмегімен,
Басшылығымен
жасайды.
Бидай мен тарыны атай отырып,сандықтың ішіне салады.
|
Рефлек
сивті-түзетуші
лік
|
Сұрақ қойып ,тақырыпты қорытады.
-Балалар,қандай үй жиһазын жасадық?
-Құрастырған сандыққа қандай материалдарды алдыңдар?
-Призманы неге алған жоқпыз?
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды..
|
.Сұрақтарға жауап береді.
.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін(текше,кірпіш,пластина)жұмыс кезінде дұрыс пайдалануды.
Қандай түсініктерді игерді: жаңа сөздердің мағанасын түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмыстарын ұқыптылықпен аяқтауды..
Тәрбиеші:
Достарыңызбен бөлісу: |