Б о л ы м д ы сөйлем : Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан (Ғ.Мұстафин). Ораз терезеден басын сұғып тұр екен (3.Шашкин).
Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауыштар құрамын түрлендіру арқылы құбылып отырады.
Мысалы:
Жолаушылар таң ата жүріп кетті.
Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті.
Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар.
к ү м ә н д ы
1. Жолаушылар жүріп кетіпті.
Жолаушылар жүріп кеткен көрінеді.
Жолаушылар жүріп кетсе керек.
Жолаушылар жүріп кеткен сияқты.
5. Жолаушылар жүріп кеткенге ұқсайды.
Болжалды
1. Жолаушылар жүріп кеткен шығар.
Жолаушылар жүріп кеткен болар.
Жолаушылар жүріп кеткен білем.
Жолаушылар жүріп кеткен болса керек.
Жолаушылар жүріп кеткен ғой деймін.
Болымсыз сөйлем Ол бүгін келмеді - Ол бүгін келген жоқ. Таудың қары әлі ерімеді - Таудың қары әлі ерігвн жоқ. Аспан ашылмас - Аспан ашылатын емес -Аспанның ашылатын түрі жоқ.
Содан бері ол біздің үйге кіргеп жоқ еді (Ғ.Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртенбеспін (С.Мұқанов). Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртене қоймаспын. ... Мені ол топырақтан жұла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С.Мұқанов). Мені ол топырақтан жұлып тастай алмайды! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкімде сөндіре алмақ емес!
Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады:
- Бұл не ғып жүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен?
- Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр.
Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді?(М.Әуезов).
- Біздің ауылға барасың ғой, қызым?
- Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов).
3. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны риторикалық (шешендік) сұрақ дейміз:
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?(А б а й).
Жылағанда көзіме
Қанды жасым тола ма?
Тауға біткен бәйшешек
Қураса, бір күн сола ма? («Алпамыс»)
Мысалы, "Абай" романының бірінші кітабында жас Абайдың ақын-жыраулардан есіткен-білгеннеп алған әсерін М.Әуезов былай суреттейді:
Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе, бебеу қақкан қоңыр, майда, баяу домбырадан ба, қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сияқты болды.
Осындай ерекшеліктеріне қарай, бұйрықты сөйлемдер бірнеше мағыналық топқа белінеді:
1. Қатал бүйрықты: - Өшір үніңді(Ә.Сәрсенбаев). Жоғал көзіме көрінбей! (С.Ерубаев). - Көрсетпе көз жасыңды! (М.Әуезов).
Солғын бұйрық: - Қарындасым, ондай өтірікті айтушы болма! (Ә.Әбішев). - Кәне, жігіттер, аттарыңды қамаңдар! (С.Мұқанов).
Тілек, өтініш мәнді бұйрық: - Балам, жөніңді айшы! (М.Әуезов). - Келші, қалқам, менің қасыма отыршы!Бір ауыз ғана сөз айтайын, қатар отырып тыңдаңыздаршы! (Ә.Әбішев).
Сес көрсету, қорқыту мәнді бұйрық: - Қәне, тіл алмай көрші. -Кәне, осы баланың бәйгесін бермей көрші!(Ғ.Сланов). - Менсіз сол үйге барып көрші!
Өсиет, үндеу мәнді бұйрық: - Темірді қызған кезде соқ. Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал. Жолдастар, егіннен мол өнім алатын болыңдар! Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым! Сым пернені басып қара, Басып қара, жырласын!(С.Сейфуллин)
3. Лепті сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл -күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдердің негізгі мағыналық топтары мыналар:
1. Таңырқау:
- Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын? (Ғ.Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов). Жеріміз біздің неткен бай!.. (X.Ерғалиев).
2. Т а ң д а н у:
Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай!
Ой, қандай сүйкімді үн!
Мынау не деген тамаша көріністер! (С.Шаймерденов).
Апырай, желісінің қаттысын-ай!'(Ғ.Мүсірепов).
3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у:
Апыр-ай, аман болғай-ақ та! (Ғ.Мүсірепов).
Құлады-ау! құлайды-ау? (Ғ.Мүстафин).
4. А я у, ж а н ы а ш у:
- Ой, байғұс бала-ай! Қарадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов). - Апырай, аман болғай-ақ та! (Ғ.Мүсірепов). - Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау!(Т.Нұртазин).
5. Арман ету, көксеу:
Әттең, осылардың бәрі де біздің ауылда өсетін болса!(С.Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!
Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!
6. Ө к і ну:
Қап, астықты кеше жипап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау! - Қап, мен де барсамшы!
- Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой!
Қолыңыздан келмейтін балса, айтуыңыз керек еді ғой!(М.Иманжанов).
7. Қ о р қ у, с е с к е н у:
- Ойбай-ай, ана бала кұлайды-ау! (Т. Нұртазин).
Достарыңызбен бөлісу: |