Буллингтің



Дата23.03.2022
өлшемі27,5 Kb.
#136559
Байланысты:
Буллинг акпарат


Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.
Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар? - YouTube
https://www.youtube.com/watch?v=LPWx4QqktT4
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді.
Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.
Кибербуллинг ұғымын Крэйг пен Пеплер (Craig W. & Pepler D.J.) 1997 жылы алғашқылардың бірі болып сөз еткен. Онда Интернет-алаңдарда қудалау – оқушылар арасына көзбе-көз емес, технологияландырылған қудалау тәсілін жөн көретін агрессияға толы қудалау- жайттары сипатталған.
Мен бүгін сендермен осы тақырыпта ашық сөйлескім келеді, әрі сендердің белсенді қатысқандарыңызды күтемін. Естеріңде болсын, мұнда дұрыс емес сұрақтар немесе жауаптар жоқ.
Буллинг Интернетте орын алғанда, сендерге барлық жерде, тіпті өз үйлеріңде шабуыл жасалып жатқандай сезім тууы мүмкін. Ешкім құтқара алмайтындай болып көрінуі мүмкін. Оның салдары ұзақ уақытқа созылып, адамға түрлі жолдармен әсер етуі ықтмал:
Ойша – адам өзін көңілі қалғандай, қысылғандай, ақымақ болғандай, тіпті ашуланғандай сезінуі мүмкін.
Эмоциялық жағынан – адам ұялуы немесе сүйікті істеріне қызығушылығын жоғалтқанын сезінуі мүмкін.
Физикалық жағынан – шаршау (ұйқыдан айырылуы) немесе іш және бс ауыруы сияқты симптомдар болуы мүмкін.
Біреу өзіңді күлкіге айналдырып жатқанын немесе басқа адамдар өзіңді қуадалап жатқанын сезіну адамдарды осы мәселе жайлы жақ ашпауына немесе оны өз бетінше шешуге тырысуына апаруы ықтимал. Аса күрделі жағдайларда кибербуллинг тіпті адамдарды өз-өзіне қол салуына алып келуі мүмкін.
Кибербуллинг бізге түрлі жолдармен әсер ете алады. Бірақ оны жеңуге болады, өз-өзімізгее деген сенімділікті және денсаулығымызды орнына келтіруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет