Буллинг (bullying)



Дата15.05.2024
өлшемі6,01 Mb.
#202305
Байланысты:
Зорлық-зомбылық


ббббббБ
Буллинг, оқушы, қамқор ата-ана.
Мектептегі зорлық – зомбылықпен қалай
күресу керек?
Зорлық – зомбылық дегенді қалай түсінесің?
Буллинг дегеніміз не?

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (оқушы) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайды.


Кибербуллинг дегеніміз не?


Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Егер де: - саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
- сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
- әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
- сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
- саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
- жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
  • сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен - кибербуллинге тап болдың.


  • Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет