Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау. Мақсаты: Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру. Сөздік қорларын «құстың жүні,мамығы»



Дата08.06.2018
өлшемі16,89 Kb.
#41778
Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау.

Мақсаты: 1. Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру.

2. Сөздік қорларын «құстың жүні,мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру. Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру.

3. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тордағы тотықұс, оған арналған жем.

Сөздік жұмыс: тотықұс, табиғат бұрышы.

Билингвальды компонент: тотықұс – попугай, қанаттар – крылья, тұмсық- клюв, табиғат бұрышы- уголок отдыха.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық


1. Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқиды.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер,құндыз ұстап.

(Тотықұс)

- Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс- Кешага назар аударайық.


Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады.

Назарларын тотықұсқа аударады.




Ұйымдастырушылық- ізденістік

2. Билинвигальды компонент.

Тотықұс- попугай,қанаттар – крылья,тұмсық- клюв,табиғат бұрышы – уголок отдыха.

3.Әңгіме өткізу.

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң,тотықұс туралы ақпарат береді.


Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка,Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп,торда ұстайды.Сөйлейтін тотықұстар да бар. Олар сенің айтқанынды қайталайды.
4. Тотықұстын қанаттарын,тұмсығын,аяқтарын көрсетіп,олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы,қанаттары ұшу үшін,тұмсығы корегін шоқып жеу үшін,аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек.

- Кәне, тотықұсқа жем беріп,ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.

5. Серігіту жаттығуы.

Кәне, қанат жазайық,

Тоты болып ұшайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Педагог табиғат бұрышында қатты сөйлеп, құстарды шошытып алмау керектігін айтады.




Жаңа сөздердің қазақша және орысша атауларын қайталайды.

Тотықұс туралы білетіндерін айтады.


Педагогтің айтқанын мұқият тындайды.


Бір -екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оның қалай коректенгенін бақылайды.

Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды.



Рефлексиялық-

түзетушілік


Сұрақ жауап - әдісті арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?

2. Оның қандай дене мүшелері бар екен?


-Тотықұспен таныстық

-Оның басы,екі аяғы,қанаттары,тұмсығы бар(көрсетеді).



Тотықұстың суретін бояйды.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін бояуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді.

қолданады: тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет