Көркем әдебиет оқу қызметінің жоспарын құрыңыз.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең) Күләш Ахметова
Мақсаты: Өлеңді оқу, өлең мазмұнымен таныстыру, еңбекке қызығушылықтарын қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, есте сақату қабілетін дамыту, нанды құрметтеуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:егін, комбайн суреттері
Сөздік жұмыс: алтын дән, ақ бидай, қамба, дала
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті.
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Жылулық шеңбері:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
|
Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын апаларың Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқимыз:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі, толқиды.
Толықсыған тасқындай Көкжиекпен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
Мұқият тыңдайды
Өлеңді 3-4 рет қайталап, мағынасын түсінеді.
-Алтын дән дегеніміз-сап-сары болып өсіп тұрған бидай.
Астықты күзде жинайды, балалар.
Өсіп тұрған бидайды комбайн орып, астықты жүк машиналары қамбаға тасиды.
Алтын дән ақырында дастарқанға «ас атасы-нан» болып келеді
Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса-баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
|
«Ас атасы-нан»
Балалар өлеңде айтылған қимылдарды көрсетеді
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай өлең шумағымен таныстық?
-Сендерге өлең ұнады ма?
|
Балалар өз жауаптарын айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: өлеңнің мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: алтын дәннің нәтижесі-нан, оны қадірлеу керек екенін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: нанның үлкен еңбекпен келетінін.
Достарыңызбен бөлісу: |