Бөлімі: «Тіл дамыту» Тақырыбы: «Көшедегі көліктер» Тәрбиеші: Муханова а жаңаөзен қаласы



Дата13.08.2017
өлшемі73,61 Kb.
#23434
12 «Айгөлек балабақшасы»жедел басқару құқығындағы

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Ашық ұйымдастырылған оқу-қызметі


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»

Тәрбиеші:Муханова А


Жаңаөзен қаласы

2017 жыл

Муханова Айгерим Аманкосовна

Жұмыс орны: «№12 Айгөлек балабақшасы» ЖБҚ МКҚК

Ересек тобының тәрбиешісі. Санаты жоқ.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»

Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытумен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан - жақты білімдерін кеңейту.

Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Шаттық шеңберін орындау,ойындар ойнау.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі-иллюстративтік,жартылай ізденіс,сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Көліктердің суреті, слайдтар, видео, аудио жазбалар

Қостілділік: Көлік – транспорт.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері.

Сәлем саған алтын күн!


Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Гуд мониң , гуд мониң

Гуд мониң тую

Гуд мониң гуд мониң ай лав ту су ю

Придумано кем-то просто и мудро

При встрече здароваться доброе утро

Доброе утро солнцу и птицам

Доброе утроулыбчивым лицам



Шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру- шылық ізденіс кезеңі

Поездың, машинаның дауысы естіледі.

-Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Көлік орыс тілінде – транспорт.


-ол адамға не үшін қажет?

-сендер мектепке келгенде қандай көлік түрімен келесіңдер?

Бугінгі тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің тақырыбы көшедегі көліктер.

-енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын.

Біздің қазақ халқы ерте заманда көліктің орнына жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған. Тек қана қазақ халқы емес басқа елдерде мысалы үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа - сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
– Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.Өйткені қазіргі заман талабына байланысты көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын және суда жүретін.

Жерде жүретін көліктерге қандай көліктерді жатқызуға болады?

ауада ұшатын,

суда жүзетін көліктерге қандай көліктер жатады?

ал кейбір қалаларда көлік көп жерде жер асты көлігін пайдаланады. Оны метро – деп атайды.

Слайдтар арқылы көрсету.

Ал кейбір қалаларда троллейбус сияқты көліктер бар. Олар тоқпен жүреді.

Сендер тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Балалар енді мен сендерге көліктер әлеміне саяхат жасауға ұсыныс жасағым келіп тұр. Сендер саяхат жасағыларың келе ме?

Алыс жолға саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Ал сендер қандай көлік түрімен саяхатқа шыққыларың келеді?

Олай болса, қазір "Пойыз" ойынын ойнап саяхатқа барайық.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар - қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш - пш, пш - пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу - гу, гу - гу, гуілде,
Қалып қойма бәрің де,
Пш - пш, пш - пш, біз кетік,
Жүрісті тым үдеттік.

Көліктер әлеміне келдік. Көліктер әлемі бізге тапсырмалар дайындапты. Балалар түрлі көліктердің суретін таңдап 3 топқа бөлініп тапсырмалар орындайды.

1 топ – ұшақтың суретін салып бояйды.

2 топ – поездың құрастырып жапсырады.

3 топ. –көліктер туралы тақпақтар айтады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Қанатымызды жаямыз

Ұшақ болып ұшамыз

Кемелерді түземіз

Жол тәртібін сақтаймыз


Балалар дыбысты тыңдайды.

Поездың, машинаның

Көліктер

Транспорт


Балалардың жауабы.

Жерде жүретін көліктерге автобус, жеңіл машина


Ұшақ, тік ұшақ

Қайық, кеме




жүк тасымалдайтын көлік. Оған нан таситын, құрылыс материалдарын таситын көліктер жатады.
арнаулы көліктерге: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі,

т. б. жатады.

Ия
Поездбен, ұшақпен.

Балалар бірінің артынан бірі тұрып поез әнін айтып саяхатқа барады.

1.Біз ұшақтың суретін салып боядық.

2.топ.Біз поезды құрастырып жапсырдық
Автобус алға зулайды

Бағыттан еш таймайды

Зыр айналар дөңгелек

Көлік бізге ең керек(Айнур)


Поезд кетіп барады

Жан жағына қарады

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Поезд тоқтап қалады

(Мансур)
Тепловозға қарашы

Түтіні көк бүркіген

Жалғыз өзің санашы

Неше вагон тіркелген (Жансері)


Бағанға ілінген

Аспалы шам жолы бар

Көшелерде жүгірген

Троллейбустар жолығар

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды. (Раяна)



Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Балалар енді біздер саяхаттан мектепке оралу керек. Ол үшін біздер тапсырма орындауымыз керек.

Дәртермен жұмыс

Суретпен жұмыс.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Шарты: көліктердің ішінен артық нәрсені тауып сызамыз.



Дәптердегі жұмбақтарды шешу.

Сендер қандай тағы жұмбақ көліктерге байланысты жұмбақтар білесіңдер.

Тақтаға поездың суреті ілінеді. Сұрақ қою арқылы қалталарына суреттер ілінеді.

Бүгін біздер не туралы әңгімеледік?

Көлік бізге не үшін керек?

Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Жер асты көлігіне қандай көліктер жатады?

Мадақтау


Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.

Гуд бай, гуд бай

Гуд бай май дол

Гуд бай гуд бай

Гуд бай ю ол


Жұмбақтар жасырады, шешеді


1. Қазша қанатын жаяды
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады. (Ұшақ) рената
2. Күндіз - түні күрсінеді,
Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) Айдана
3. Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет (Тікұшақ) Рената

4.Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар (трамвай) Әдеми

Көліктер

Уақытты тиімді пайдалану үшін, ойлаған жерге тез жету үшін, үй салған кезде құрылыс материалдарын тасу үшін.

Ауа, жер, су көлігі.

Метро



Күтілетін нәтиже:

Нені білді:Балалар көлік түрлері туралы толық білді

Қандай түсініктерді игерді:Көлік түрлерін салыстырып, ортақ белгілері туралы айта алады

Меңгерген қандай дағдылары мен іскерліктерін қолданды:Көліктерді атқаратын қызметіне қарай ауада, суда, жерде жүретін түрлеріне қарай жіктеуді меңгерді
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет