Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Сөйлем түрлері (хабарлы,лепті,сұраулы) Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі49,43 Kb.
#7112
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы: Сөйлем түрлері (хабарлы,лепті,сұраулы)

Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, дауыс ырғағаына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту,табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларды сөйлету

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Көрнекіліктер: суреттер.

Билингвалдық компонент:Сөйлем-предложение-listings, аққала-снеговик-snowmen, далада қар жауып тұр – на улице идет снег.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Блалалар Дымбілмес сіздерге суретті кітаптар,оның ішінде тақпақтар,сөйлемдер жазылған олар қандай сөйлемдер екен білмеймін дейді.

Қазір біз оларды қарап қандай сөйлемдер екенін қарап айтайын.Балалар, біз бір-бірімізді түсіну үшін не істейміз?



-Бір-бірімізді түсіну үшін сөйлесеміз, тілдесеміз.

Іздену ұйымдастырушылық


Сөйлемдердің үш түрі болады.

Біріншісі-хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап айтады. Сөйлем соңынан нүкте қойылады. Мысалы кітапта былай делінген.

Далада қар жауып тұр.
Нүкте деген білгенге.

Жай ғана бір ноқат па?

Жоқ өлең де, жоқ хат та!..

Жазып жатқан кездерде

Асықпай ол күтеді,

Асқан дана сөздер де,

Сол нүктемен бітеді.

(Қ.Мырза Әли)


-Ал енді сендер хабарлы сөйлемге мысал келтіріңдер.

-Сөйлем соңына не қойылады?


Сөйлемнің екінші түрі – лепті сөйлем.

Адамның түрі көңіл күйін- қуану, ренжу, өкіну, таңдану т.б. білдіреді.

Мысалы: Алақай! Қар жауды! Лепті сөйлем ерекше сезіммен айтылады.

Ал енді сендер мысал келтіріңдер.


Үшінші сөлемнің түрін сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер бір нәрсені сұрап білуді ділдіреді.

Соңынан сұрақ белгісі қойылды.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар? Ал енді сендер сұраулы сөйлемге мысал келтіріңдер.
-Балалар, сендерге өлең жолдарын оқимын. Өлең жолдары арасынан сөйлемнің қандай түрін естігендеріңді табуларың керек.
Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(А.Меңжанова)
Билингвальды компонент: Сөз-слово-words,

Сөйлем-предложение- listings, аққала-снеговик, далада қар жауып тұр – на улице идет снег.

Аппақ қып өңірді,

Қар жауды!

Қар жауды!

Көп бала көңілді

Қызығып таңғалдық.

(Т.Шопашев)



Сергіту сәті:

Аққала


Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз, үп – үшкір,

Көзі көмір қап- қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында

Мұзайдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

«Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ойнап жүрген балаларға ат қою.

Олардың көңіл күйіне назар аудару, іс-әрекеттері туралы айту.

-Иә,балалар, сендердің ұүраған әңгімелерің маған ұнады.


«Қажетті тыныс белгілерін қой»

дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: берілген сутеттердің мағанасына байланысты құрастырылған сөйлемдердің тыныс белгілерін қою.



Дәптермен жұмыс. Дәптердегі №10 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар айтқанымды мұқият тыңдайды.

Балалар нүкте туралы өлеңнің мағынасын түсініп тыңдады.
-Аялдамада адам аз екен.

-Нүкте қойылады.

-Қап! Бекер келдім!

-Келді! Келді!

Атам келді!

-Қыздар қайда?

-Атыңыз кім?

-Досың бар ма?

Өлеңді қайталайды.

-Бұл айтылған өлең

жолдарынан сұраулы

сөйлемді естіп тұрамыз

Қайталайды.
-Бұл өлеңдегі «Қар жауды! Қар жауды!»- лепті сөйлем, өйткені көтеріңкі көңіл күймен айтылып тұр.

Қатты көңіл күймен айтады.

Балалар өлең мазмұнына байланысты іс- қимылдар жасайды.

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

-Таза ауада демалған қандай тамаша.

Арман шанамен сырғанап келеді.

Балжан, Даулет екеуі аққала жасап жатыр.

Шаңғышылар шаңғы тебуде. Конькиді Нұрлан жақсы тебеді.


Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, бүгін қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?

-Қандай тақырып бойынша әңгіме құрадыңдар?



-Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем түрлерімен таныстық.

-Қысқы ойындар.




Күтілетін нәтиже:

Білу: Сөйлем түрлерін ажыратып, тыныс белгілерін қоюды суретке қарап әңгіме құрауды, өлең жолдарыннан сөйлем түрлерін табуды.

Меңгеру: Қыс мезгіліне байланысты ойын түрлерін

Дағдылану: Өңір, желу сөздерінің мағынасын.
Каталог: uploads -> doc -> 083e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
083e -> Форт-Шевченко мектеп-лицейі
083e -> Сабақ 18. Пәні өзін-өзі тану «Төменгі Пенжім орта мектебі шағын орталығымен»
083e -> Тақырыбы: «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет