Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Қорытынды сабағымыздың тақырыбы – бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері.
Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін мұғалім нені білуі керек, тапсырманы қалай қалай әзірлеу керек және тапсырма әзірлеу барысында нені ескеру керек?
Бүгінгі сабағымыз осы тақырып төңірегінде болады.
Оқушылардың оқу үлгерімін ағымдық бақылау үшін мектепте мұғалімдер жиынтық бағалау өткізеді.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңіның соңында оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және тіркеу үшін жүргізілетінін белгілі. Осы процесс барысында оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқушылардың білімі мен дағдысын көрсететін дәлелдер жинақталады.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау түрінде, оқу тоқсанының соңында тоқсандық жиынтық бағалау түрінде және білім беру деңгейі - негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейі аяқталғанда қорытынды аттестаттау түрінде жүргізілетіні белгілі.
Жиынтық бағалау бойынша балл және баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар мұғалімнің әр оқушының орындаған жұмысы бойынша объективті шешім қабылдауына бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларына құрастырылған дескрипторлар, тоқсандық бағалау тапсырмалары бойынша құрастырылған балл қою кестелері көмектеседі.
Жиынтық бағалау нәтижесінде алынған деректер қалыптастырушы бағалаудағыдай жоспарлау, түзету және оқу процесіне талдау жасау үшін қолданылады.
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау процедуралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген және 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен толықтырылған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүреді.
Айта кететін жай, аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде бөлім бойынша жиынтық бағалау қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.
Мұғалімнің бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары шарттарын ресімдеу сапасының есептелмейтінін есінде ұстағаны жөн.
Бір оқу пәні бойынша бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау бір күнде өткізілмейді.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларына сабақта қарастырылған, меңгерілген оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқу критерийлері оқу мақсаттарына сай болуы тиіс.
Нәтижелерді бағалау критерийлері оқушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |