Болжамды агглютинация реакциясын қадамдар бойынша қою


Сақиналы преципитация реакциясын қадамдар бойынша қою техникасы



бет2/7
Дата11.01.2023
өлшемі50,42 Mb.
#165341
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәжірибелік дағдылар қадамдары емтиханға дайындық

3. Сақиналы преципитация реакциясын қадамдар бойынша қою техникасы.

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз


2. Қажетті керек-жарақтарды таңдау/көрсету
3. Преципитациялық сарысуы бар жіңішке пробирканы алыңыз
4. Пастер тамшуырымен қабырғасын бойлай преципитиногенді тура сондай көлемде тамызады (пробирканы еңкейтілген күйде ұстау керек).
5. Екі сұйықтығы бар пробирканы абайлап тік күйге бұру керек
6. Нәтижелерді интерпретация жасаңыз
7. Реакция механизмін түсіндіріңіз




4. Қос сарысумен қойылатын гемагглютинацияның тежелу реакциясын қадамдар бойынша қою техникасы.

Қадам бойынша қойылуы:


1 қадам.
Науқастың қан сарысуын планшет ойшықтарында 1: 20 дан 1: 320 дәрежесіне дейін сұйылтып алады.
2 қадам
Барлық ойшықтарға 0,25 мл. ден тиісті аурудың вирустық диагностикумын құйып шығамыз. Содан кейін 0,5 мл.ден 1% - дық тауық эритроцитін қосамыз. Реакция үш түрлі бақылаумен жүреді. Бақылаулар: 1- СБ (сарысу + эритроциттер); 2 – ВБ вирус + эритроциттер; 3 – ЭБ физиологиялық ерітінді + эритроциттер; 60 минут инкубациялайды.
3 қадам
Реакция нәтижесі оң болған жағдайда тәжірибелік ойшықтарда тиісті сұйылтуларда «түйме» тәрізді болып, тұнбаға түседі. Вирусты бақылау ойшығында «қолшатыр» тәрізді тұнбаға түседі. Эритроциттерді бақылау ойшығында «түйме» тәрізді тұнбаға түседі, сарысуды бақылау ойшығында «түйме» тәрізді тұнба түзеді.
Қорытынды: Реакция нәтижесі оң, антиденелердің титрі 1 –ші сарысуға қарағанда 2 – ші сарысуда 4 есеге жоғарылап, өсті.




5. Терінің бактерицидтік белсенділігін анықтау.

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз


2. Қажетті керек-жарақтарды таңдау/көрсету
3. Стерильді тампонмен сынақ қойылатын адамның білек терісінің алдыңғы бетіне 5х104 есе сұйылтылған ішек таяқшасының тәуліктік сорпалық дақылын жағыңыз
4. Жаққаннан кейін бірден, сондай-ақ 5, 10 және 15 минуттан кейін контаминацияланған терінің әр түрлі бөліктеріне жұқа қабатпен Эндо ортасы жабылған шынылармен басып таңбалайды.
5. Әйнектерді 37°С температурада бір тәулік термостатта ылғалды камерада ұстайды
6. Нәтижелерді интерпретация жасаңыз
7. Реакция механизмін түсіндіріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет