Болжамды агглютинация реакциясын қадамдар бойынша қою



бет1/7
Дата11.01.2023
өлшемі50,42 Mb.
#165341
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәжірибелік дағдылар қадамдары емтиханға дайындық


  1. Болжамды агглютинация реакциясын қадамдар бойынша қою

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз (Қозырғышты анықтау )


2. Реакцияға қажетті керек-жабдықтарды таңдау/көрсету
3. Зат әйнекшесін майлықпен сүртіңіз және майсыздандырыңыз
4. Зат әйнекшенің бір ұшынан бақылау үшін физиологиялық ерітіндінің тамшысын тамызыңыз.
5. Әйнектің екінші жағында агглютинациялаушы сарысудың (1:20) бір тамшысын тамызыңыз.
6. Дақылды әрбір алған сайын бактериологиялық ілмекті өңдейді.
7. Әр тамшыға бактериялардың біртекті суспензиясын алғанға дейін аз мөлшерде таза дақыл енгізіңіз (зерттеу материалы)
8. Нәтижелерді интерпретация жасаңыз
9. Реакция механизмін түсіндіріңіз


қажетті керек-жабдықтар:

  1. Агглютинациялайтын сарысу 1:20 – 2 студентке 1 пробирка

  2. Қиғаш агардағы бактерия дақылы – 2 студентке 1 пробирка

  3. Зат әйнекшесі – әрбір студентке

  4. Бактериологиялық ілмек

  5. Спиртшамы

  6. Сіріңке

  7. Физиологиялық ерітінді– 2 студентке 1 пробирка



2. Жайылмалы агглютинация реакциясын қадамдар бойынша қою

1. Реакцияның мақсаты мен оның мәнін анықтаңыз (Антидене титрін анықтау)


2. Реакцияға қажетті керек-жабдықтарды таңдау/көрсету
3. 7 пробиркаға 1 мл. физиологиялық ерітіндіні енгізу (оның ішіндегі екі пробирка бақылау).
4.1-ші пробиркаға науқастан алынған қан сарысуды (1:25 қатынасындағы) (зерттеу материалы)
енгізу және (қалған тәжірибелік пробиркаларға титрлеп құйып шығу) сұйылту жасау.
5.Бір бақылау пробиркасына 1,0 мл науқастың қан сарысуын енгізу
6.Тәжірибелік және екінші бақылау пробиркаға 4 тамшыдан диагностикум қосыңыз
7. 2 сағат 370С-та инкубация жасаңыз
8. Пробиркаларды бөлме температурасында 18-20 сағатқа қалдырыңыз.
9. Нәтижелерді интерпретация жасаңыз
10.Реакция механизмін түсіндіріңіз






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет