Гормондар – бұл эндокринді бездер және әр түрлі ұлпалардағы арнайы жасушалармен өндірілетін биологиялық белсенді дәрілер. Олар ағзаның әр түрлі қызметтерін гуморалды реттеуге маңызды орын алады. Сонымен қатар, жекелеген гормондар нейромодуляторлар болып табылады.
Гипофиз
Гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы және айқын емес ортаңғы. Алдыңғы,ортаңғы бөліктері безді жасушалардан тұрады және <<аденогипофиз>> деген жалпы атқа біріктірілген.
Гормоналды препараттардың фармакодинамикасы
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін қолданылады.
Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері керек.
Бірақ олардың тиімділігі тек қана, егер патологияның себептері белгілі болған жағдайда ғана жоғары болады.