Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі»


Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу



бет5/11
Дата23.02.2023
өлшемі188,68 Kb.
#169967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бөлме өсімдіктері
Упорядоченные тесты 110, cc 20210107 211451
Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін -әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады.
Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмырадан топырағымен қоса қопарып алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.
Өсімдіктерді шоғырлап су ағар тесігі жоқ үлкен ыдысқа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге қояды.
Өсімдікті тыңайту. Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіп, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ертілген) бірнеше рет (1-2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшетелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ.
Тыңайтқыш ертіндісін қолданудан 2 сағат бұрын топырақтын түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак силитрасы қоспасын (21/2 ас қасық) суперфосфат (1 ас қасық), калий силитрасын (1/2 ас қасық) 10-12 л суға ертіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак силитрасы қоспасын (1/2 ас қасық), суперфосфат (2 ас қасық) және калий силитрасын 10 л суға ертіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ертіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданылған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп өсуіне жақсы ықпал жасағанмен бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет