Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі»



бет7/11
Дата23.02.2023
өлшемі188,68 Kb.
#169967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бөлме өсімдіктері
Упорядоченные тесты 110, cc 20210107 211451
Күресу шаралары: Фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда Тагатестің, помидордың, Петунияның, Дельфиниумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріп алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады.
Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады; темекінің Махорканың үгіндісіне су құйып (1: 10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1: 3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақ тың, помидор жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8 -10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.
Өсімдік кенесі. Тұрқы 0,3 -0,4 мм бітімі сопақша ақшыл сары түсті, денесін түк басқан насекомдарОлар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдіккке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптап жабысып алады да, доп –домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады.
Өсімдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Бөлме жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жоғарлығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фуксия, орхидея, кактустарды т. б. өсімдіктерді зияндайды. 
Күресу шаралары: Суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1л суға 2-3г) бүркеді. өсімдікке су бүркіп алып, оған пиретрумның немесе күкірттің ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтың бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құяды) бүркуге де болады. Ал бүркуге келмейтін өсімдіктерге төмендегідей әдіс қолданады. Туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып,полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет