Өсімдіктерді көбейту: Бөлме өсімдіктерін өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесінділерінен (сабағынан, жапырағынан, тұқымының ) кесінділерінен өсіреді. Ол үшін оларды сабақ, түйнек, тамыр өркендерінен бөледі.
Өсімдіктерді вегетациялық жолмен көбейту, тұқыммен көбейтуге қарағанда жиі қолданады. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы жетілген өсімдіктерден қиғаштап жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1-3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1-2 жапырақты қияды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды.
Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай кесінді тамыырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек.Әйнекті күніне бірнеше рет тазалап сүртіп, кесіндіге күніне 2-3 рет су бүркеді.Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да,кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай,тамырлануы 2-3 күннен бастап 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділер (мысалы Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады. Кей өсімдіктердің (мысалы, Бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық.
Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары: Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтың жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіруі — өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады.Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекция немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай насекомдар өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Бөлме өсімдіктеріне өте көп зиян келтіретін насекомдар — өсімдік биті, кенелер,ақұнтақ,трипстер т. б.
Өсімдік биті. Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті насекомдар. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |