Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі»



бет9/11
Дата23.02.2023
өлшемі188,68 Kb.
#169967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бөлме өсімдіктері

Гүлді баптау әдісі: Орхидеяның сабағы мен гүл сабағы да тым ұзын болып биіктеп өседі. Сиреп өскен тұстарының сабағы мен гүлін бастарынан 1-2 жапырақ пен 1-2 гүл қалдырып, арнайы қайшымен қырқып, қысқартып отырады. Осындай әдіспен күтіп-баптаған гүлдің бойындағы гүлсидамдары гүл атып, ары қарай жайылып, құлпырып өседі.
Гүл отырғызушыларға кеңес: Гүлді бір тармағын я болмаса бұтағын су құйылған ыдысқа салып, тамырландырады. Гүлден алынған тұқымдық бұтағын күнге-желге тигізбей жеткізе аламыз ба? Минералды судың пластик ыдысының жоғарғы жағын кесіп алады, жартысын жаңағы алынған тұқымды орнатып, шамалы су себеді. Ыдыстың бетін кесіп алынған өзінің қақпағымен жауып, алып жүруге болады.
Гүлді көбейту үшін ыдысқа тыңайтқыш қосып өңделген топырақ салып, тамырланған қалемшені орналастырады. Жанына шыбықталған тірек ағаш қадап, әбден орныққанша байлап қояды. Топыраққа орнаған соң тым артық ұзарып өскен сабақтарын қырқып, қысқартып отыру қажет.
Гүлді ажыратып, көбейту әдісі: Гүлді ыдыстан түсіріп алып, бірнеше буынға бөліп, жеке-жеке отырғызады.Тек тамырына зақым келмесе болғаны .
2.4. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері
Фукция гүлі — бұтақты өсімдік. 1 м биіктікке дейін көтеріледі. Салқын ауаға төзімді. Жапырақ бойындағы қызғылт, қызыл жолақ сызықтарымен көзге әсем болып көрінеді. Гүлдерді қызыл, күлгін қызыл, ақ болып келеді. Қатты түскен күн көзін жаратпайды, көлеңкелі жерде жақсы өседі. Жазда таза ауада ұстауға болады. Қыста бөлменің салқын ауасы жеткілікті. Жыл сайын наурыз айында сұлбасын, яғни ұзарған сабағын қырқып отыру керек. Топырақ пен бөлме ауасы ылғал беріп тұрса, фукция гүлі көп жасайды. Сондай-ақ күнбе-күн суарып тұрған жөн. Фукциядан алынған тұқымдық бұтағын суға салып тамырландырады. Бірден топыраққа да отырғызуға болады.
К аланхоэ өсімдігінің кереметтілігі
Каланхоэ өсімдігі бөлме гүлдері қатарына жатқызылады. Бұл әдемі әрі шипалы өсімдікке көп күтімнің қажеті жоқ .Тек күннің көзі түсетін терезенің алдына қойып, топырағы құрғай бастаған кезде бір суарып қойсаңыз болды.Каланхоэ жақсы өсу үшін кактусқа арналған тыңайтқышпен суарып отыру керек. Емдік мақсатқа қолдану үшін өсімдіктің жапырақтарын кесіп алып, 5-10 градуста көрсетілген тоңазытқышқа жеті күндей салып қояды. Содан соң еттартқыштардан өткізіп, шырынын бөлек сығып алады. 1литр каланхоэ шырынына 10 мл таза спирттен қосып,банкаға құйып, қақпағын жабады да тоңазытқышқа сақтайды. Осы каланхоэ шырынын аяқ тамырының (варикоз), терідегі жазылмай жүрген түрлі жараларға және күйік шалған жерлерге жақсаңыз, шипасы болады. Яғни, аталмыш шырын түрлі қабынуларға қарсы әсер ете алады. Сондай-ақ каланхоэның жаңадан сығылған шырынын тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады.Ол ауыздың улы(стоматит), қызыл иек ісігі (пародонтоз), және маңқа (гайморит) ауруларына да ем.
Алоэ өсімдігі: Алоэның сырты әдемі көрінбегенімен оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні – бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы өсімдігіңіз ,яғни алоэ жақсы көмектесе алады. Дәріханадан дәрумендер сатып алып, ақша да шығындайсыз. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны: 1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындасын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның төртен бір бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егер де бір жеріңізді кесіп, тіліп алсаңыз, дәкені алоэ шырынына батырып таңсаңыз немесе жапырақты қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады. Алоэның шырынын алу үшін, оның 2-3 жылдан кем өспегеніне көз жеткізіңіз. Емдік өсімдіктің ортаңғы және төменгі жапырақтарын пайдаланған дұрыс.Ол жерде шырын көбірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет