Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
ЖОСПАРЫ:
• «АДАМ –ДҮНИЕ » ҚАТЫНАСЫ БОЛМЫС ҚҰРАМЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ҚАТЫНАС РЕТІНДЕ .
• ОНТОЛОГИЯ БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМ РЕТІНДЕ,ОНТОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
• ОНТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ. БОЛМЫС ЖӘНЕ БОЛМЫС ЕМЕС МӘСЕЛЕСІ
• БОЛМЫС АДАМ БОЛМЫСЫ ХАҚЫНДА,АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ЗАТТАР ДҮНИЕСІНЕН ПРИНЦИПТІ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Болмыс дегеніміз-Өзінің жиынтығындағы объективті және субъективті шындық.Дүниеде өмір сүретіннің барлығы: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де , қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі.«Болмыс» категориясын философияға тұңғыш енгізгендердің бірі ертедегі Греция философы Парменид болды.
Болмыстың негізгі формалары:
• Заттар процестер болмысы ,ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді .
• Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді .
• Рухани болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы және объективтендірілген рухани болмыс болып жіктелінеді .
• Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады .
Болмыс
материалдық
идеалдылық
Адам болмысы
Әлеуметтік болмыс
«Бірінші табиғат»
«Екінші табиғат»
Субъективтік рух
Объективтік рух
Дүниенің бірлігі туралы ілім – оның материалдылығында.Материя сөзі (materia–зат, материал) деген мағына береді.Материяның анықтамасын берген Гольбах болатын.Ол өзінің “Табиғат жүйесі” деген еңбегінде адамның сезім мүшелеріне әсерететін заттарды атап көрсеткен.Бұл анықтаманы дамытқан В.И.Ленин болатын.Өзінің “Материализм және эмпириокритицизм” еңбегінде материяның жан – жақты анықтамасын берді.
Материяның Лениндік анықтамасы мынандай:
“Материя адамға түйсіктері арқылы берілген,бізге тәуелсіз өмір сүре отырып,біздің түйсіктеріміз арқылы көшірілетін,суреті түсірілетін,бейнеленетін обьективті реалдықты белгілейтін философиялық категория”.
Материяның құрылымы
ӨРІС
ЭЛЕКТРО-МАГНИТТІК
(КВАНТ-ФОТОНДАР)
ЭЛЕКТРОНДЫҚ-ПОЗИТРОНДЫҚ
ТАРТЫЛЫС
ЯДРОЛЫҚ
(КВАНТ-ФОТОНДАР)
Материяның басты қасиеті – қозғалыс.Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болу дегенді білдіреді. Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады,ол материяның сыртқы емес,ішкі, ажырамас қасиеті, олобьективті, мәңгілік және абсалютті.Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әр біреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады.
Ф.Энгельс XIX ғасырдаалғаш рет материяқозғалысыныңтүрлеріне жіктелу жасады
Олар:
Механикалық
Физикалық
Химиялық
Биологиялық
Әлеуметтік
Кеңістік пен уақыт –материяның өмір сүру формалары
Кеңістік-материалық объектілердің қатар өмір суруін және олардың өзара орналасуын білдіреді
Уақыт-қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің(не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы
Кеңістік:
Уақыттың ағымы өткеннен қазіргі арқылы келешекке бағытталған
Қайта оралмайды
Сана
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы көру,өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі,сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге ассырылатыны күмәнсіз.
Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды біріктіріп,екі үлкен топқа бөлуге болады:
Материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну.
2.Идеалистік – сананы материяға жат,одан алғашқы,жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні,генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай:сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тәнқасиет. Оның дәлелі ретінде адамның миы зақымдалғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Өзіндік сана – адам өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі.Өзіндік сана рефлекция феноменімен тығыз байланысты. Рефлекция –тұлғаның өзі туралы ойлануы,ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлекциясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлекция деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.Рефлекция жоғары, өзін танып білуге,өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді.
Қоғамдық психология деп – белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері,салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметті кәдеттері.
“Қоғамдық психология” терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол “қоғамдық сана” терминін “қоғамдық психика” және “таптық идеология” деп бөліп,қоғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын,мәдениеттін, әдебиеттін, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады.