29
Психология ғылымындағы эмпирикалық зерттеудің объектісі көбіне жеке
тұлғамен қатар түрлі әлеуметтік-демографиялық белгілер бойынша
ажыратылатын адамдардың көлемді жиыны болып табылатыны белгілі. Соның
нәтижесінде белгілі-бір құбылысты зерттеу кезінде осы көлемді жиынның
барлығын бірдей зерттеу жүргізу қиынға соғады.
Сондықтан да, ғылыми мәселені зерттеу жұмысын бастамас бұрын,
зерттеуші өзі болашақта зерттеу жүргізетін объектіні барлық жағынан
біртұтас бейнелейтін объектілер тобын іріктеп алады. Мұның нәтижесінде
іріктеп алынған таңдау тобына жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
бас жиынға тән болып есептеледі, яғни таңдау тобы - бас жиынның
эксперименттік үлгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: