31
2.
Зерттеу бағдарламасын қалыптастыру – мәселені анықтау зерттеулердің
мақсаттарын, міндеттерін, объектісін және пәнін анықтау, ұғымдық ақпараттық
жүйесін қалыптастыру
3.
Әдістемелерді зерттеу, қалыптастыру, өңдеу
4.
Пилотажды зерттеу (әдістемені жүргізіп көру)
5.
Алғашқы ақпараттарды жинау және
қайта өңдеу
6.
Мәліметтерді интерпретациялау, қорытындылау
Жұмыс жоспарын құру.
Психологиялық зерттеу бағдарламасымен қатар,
зерттеуші өз жұмысының процедураларын нақты анықтау мақсатында жұмыс
жоспарын жасау қажет. Бұл жоспардың негізін барлық жүргізілетін
жұмыстардың торлы (сетевой) графигін құрайды. Мұнда, «кім? қашан? не
жасайтыны?», яғни, «жұмыс – атқарушы – уақыт» cызбасы тіркеледі.
Жұмыс жоспарының негізгі бөліктері
- бұл пилотажды зерттеу, табиғи
зерттеу,
мәліметтерді өңдеуге дайындау, өңдеу, сандық және сапалық талдау,
интерпретация, ғылыми есеп дайындау.
Пилотажды зерттеу
- зерттеудің негізгі процедуралары мен әдістеме
сапаларын тексеруге арналған. Бұл зерттеу ғылыми-психологиялық
зерттеу
бағдарламасындағы негізгі элементтердің барлығын тексеруге қатыстырады.
Пилотажды зерттеу жүргізу үшін 70-100 адам жеткілікті деп саналады. Көбіне
жаңа әдістерді пайдалануда жүргізіледі.
Табиғи зерттеу (полевое исследование)
- объектіні табиғи жағдайларда
ақиқаттық айнымалылардың арасындағы
байланыстарда зерттеу болып
табылады. Бұл алғашқы эмпирикалық ақпарат жинаудың негізгі көзі болып
табылады.
Мәліметтерді өңдеуге дайындық және өңдеу
-
зерттеудің мәліметтік
нәтижелерін өңдеуге дайындау мен оны өңдеуде компьютерлік бағдарламалар
көмегін пайдаланудағы қажетті барлық процедураны қамтиды.
Ғылыми-психологиялық зерттеу нәтижелері ғылыми есепте бейнеленеді.
Ғылыми есеп
- жүргізілген зерттеудің нәтижелері жүйелі және бейнелі-көрнекті
формада бейнеленетін жазбаша құжат болып табылады.
Өз құрылымы жағынан
есеп 3 бөлімнен тұрады: зерттеу нәтижелері, қорытынды және ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: