21
процедурасы,
танымдық процедура, объективация процедурасы көрінетін
зерттеудің әдістемелік қамтамасыздығына тәуелді болып табылады.
Ғылыми зерттеу процедурасы - барлық танымдық және ұйымдастырушылық
әрекеттердің бірізділігі, зерттеуді ұйымдастыру тәсілдері.
1. Концептуализация процедурасы
- зерттеудің
әлеуметтік тапсырыстан
нақты зерттеу объектісіне ауысуы болып табылады. Концептуализация
процедурасы төмендегі жағдайларды: зерттеу мәселесін, мақсатын, міндетін,
объектісін,
таңдау тобын негіздеу, яғни зерттеудің концептуалды сызбасын
нақтылауға мүмкіндік береді.
2. Танымдық процедурасы
- бұл зерттеудің ішкі міндеттерін қою мен
осыған сай бірқатар танымдық нәтижелерді алуға дейінгі аралықты қамтиды.
3. Объективтендіру процедурасы
- алғашқы
эмпирикалық мәліметтерді,
яғни, жаңа, бастапқы мәліметтерді ғылыми-теоретикалық және қолданбалық
нәтижелерге айналдырудағы кезең болып табылады. Бұл процедура осы жаңа
білімдердің ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын, күнделікті өмірлік
тәжірибеде пайдалану тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сондықтанда, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру процесі құрылымдық
тұрғыдан алғанда түрлі
саладағы, бірақ өзара тығыз байланысты 3
процедураның бірізділігін құрайды. Басты ескеретін мәселе - мұндағы бір
процедураның нәтижесі келесі процедураның бастапқылық алғышартын
құрайды.
Ғылыми психологиялық зерттеуді жүргізу - шектен тыс күрделі, әрі көп
кезеңді процесс болып табылады. Ол терең теориялық біліммен қатар
ғылыми-психологиялықтан жоғары кәсіби
практикалық іскерліктер мен
дағдыларды талап етеді. Психолог нақты тапсырысты қолға алу, мәліметтерді
жинау мен талдаудан, өңдеуден бұрын түрлі әдістемелік құжаттарды
жасауды, яғни барлық зерттеу кезеңдерін ойша
елестетуді жетік меңгеру
қажет. Ол зерттеудің қажеттілігін дәлелдеп қана қоймай, зерттеу
процедураларының барлық элементтерін негіздей білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: