Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет38/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

ІІ. Мазмұны бойынша
а) қазіргі және өткен кездегі фактілер мен әрекеттер туралы. 
б) Жеке бастың ой-әрекеті бағасы және жағдайлары туралы.
ІІІ. Атқаратын жұмысы бойынша: 
сүзуші (фильтрлік) және бақылаушы 
сұрақтар. Бақылаушы сұрақтар анкетаның негізінде кездеседі. Сүзуші 
сұрақтардың анкетаның соңына таман ұсынылады.
Сұрақтарды жасау ерекшеліктері 


44 
1)
Әрбір сұрақ нақтылы бір ойды білдіруі керек (көмекші мағына, күрделі сөйлем 
болмау керек).
2)
Құрастырғанда тұрмыста аз қолданылатын сөздері бар сұрақтарды қоюдан аулақ 
болу керек.
3)
Жауаптардың әртүрлі варианттары ұсынылуы қажет.
4)
Стереотипті және шаблондық жауаптар тудыратын сұрақтар қойылмауы қажет.
5)
Әрбір сұрақ жоғарғы дәрежеде жеке ұғымдарға сүйене отырып жасалынуы қажет.
6)
Өте ұзақ шұбалаңқы сұрақтар қойылмауы қажет.
Анкетаның жалпы құрамы 3 бөлімнен тұрады:
А) Жалпылама бөлім
Б) Негізгі бөлім
В) Демографиялық бөлім
Жалпылама бөлім
– анкетаны қандай ұйым не себепті жүргізіп отырғандығы 
туралы бұл зерттеу нәтижелерінің қайда пайдаланатындығы, жауаптардың 
жарияланбайтындығы, анкетаны қалай толтыру керек туралы мәлімет береді.
Негізгі бөлім
– зерттелінетін тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталған 
сұрақтар жиынтығы немесе анкетаның өзі. Бұл анкетаның сұрақтарының өз 
құрамы бар алдыға ынталандыратын сұрақтар қойылуы тиіс. Одан кейін негізгі 
зерттеуі керек мәселелерді анықтайтын сұрақтар қойылады. Ал соңына таман 
алынған хабарламаны сүзу үшін сұрақтар қойылуы тиіс.
Демографиялық бөлім
– респонденттердің – жасы, жынысы, мамандығы, 
әлеуметтік жағдайы туралы информация беру керек.
Анкетаны тексеру. 
Бұл үшін ең алдымен, сұрақтың мазмұнын, қолдану 
дұрыстығын тексеру қажет. Қосымша сұрақтар қоюға болады. Бұл кезеңде жауап 
берушімен жеке әңгімелесу маңызды болып саналады. Жауап берген кезде
қандай қиындықтар болғанын сұрау керек. «білмедім», «түсінбедім» деген
жауаптар болмайтындай етіп сұрақтарды құрастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет