45
Яғни егер де сұрақтардың тәртібі өзгертілсе немесе жауаптардың басқа да
варианттары ұсынылса, мұнда жауап берушіден алынатын жауаптардың
өзі де
өзгереді. Сұрақ арқылы сенімді және негізделген информацияны алуды
қамтамасыз ету керек.
Анкета мынадай жағдайларда сенімді деп есептелінеді.
Зерттелушілерге
біраз уақыт өткеннен кейін қайтадан осы анкетаны жүргізгенде
бұрынғы және
соңғы зерттеу нәтижесінің өзара сай келуі зерттеу нәтижелерін сенімді түрде
қабылдауға негіз болады.
Сауалнама әдісі.
Сауалнама зерттелетін объект туралы әлеуметтік ақпаратты тікелей
(интервью) немесе жанама (анкета) түрде зерттеу
мақсаты мен міндеттеріне
сай сұрақтар тізімін жасау мен жауаптарды тіркеу арқылы алу. Мұнда
зерттелушіні - респондент деп атайды.
Мақсаты:
түрлі көзқарастар (қоғамдық, топтық, ұжымдық)
туралы
әлеуметтік ақпарат алу және респонденттердің өмірлік іс-әрекеттерімен
байланысты құбылыс, факты, бағалаулар.
Достарыңызбен бөлісу: