43
респонденттің тікелей немесе тікелей емес қарым-қатынаста болуына
байланысты.
1) Tet- a-tet (бетпе-бет)
2) топтық интервью
Анкета
- әртүрлі тұлғалардың қасиеттері
туралы психологиялық
құрылымдары туралы мәлімет алуға негізделген сұрақтама әдістемелерінің бір
түрі. Анкета әдісі әлеуметтік психологияда жас ерекшелік психологияда
этнопсихологияда жиі қолданады.
Анкеталық сұрақтаманы жасау кезеңдері:
Сұрақтар арқылы алынуға тиіс хабарламалардың жағдайларын (мәселе)
анықтау
Сұрақтардың жоспарын жасау
Негізгі мәселеге жақындаған сұрақтардың тізімін анықтайды
Жоспарды алдын –ала тексеру, анкеталық проба жасау
Сұрақтарды түзету және редакциялау
Анкеталық сұрақтардың жіктелуі.
І. Түрі бойынша:
а) ашық және жабық сұрақтар;
б) тікелей және жанама сұрақтар болып жіктеледі.
Ашық сұрақтар
деп респондент (жауап беруші) сұраушыға өз қалауы
бойынша сұраққа қатысты өз ойындағысын айту мүмкіндігін беретін сұрақтар.
Ашық сұрақтардың артықшылығы
– жауап табиғи түрде беріледі.
Мұндай
жауаптарда кейде кездейсоқ әрі күтпеген жауаптарды алуға болды.
Кемшілігі
–
айтылған мәліметтерді интерпретациялау қиын болады және респондент кейде
объективті түрде жауап бермеуі мүмкін.
Жабық сұрақтар
деп респондент сұрағына жауаптың әртүрлі варианттарының
бірін ғана бере алатын сұрақтар жиынтығы.
Артықшылығы
: жауаптарды өңдеу
оңай, анализ және интерпретация жасау жеңіл.
Кемшілігі
:
ұсынылған жауап
варианттары зерттеушінің ойына толық сәйкес келмеуі мүмкін. Соның салдарынан
алынған мәліметтердің ақпараттылығы және себептілігі мен валидтілігі
(дұрыстығы) шектелінеді.
Тікелей сұрақ
– респонденттерден тік, тура хабарлама алуға бағытталған.
Жанама сұрақ
– тікелей зерттелушіге бағытталмауы мүмкін басқа адамдар
туралы сұрақтар мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: