66
шеттетіліп, алтернативті болжам (Н
1
) қабылданады.
Мұндай критерийлер
қатарына: Вилкоксонның T- критерийі, G- Белгілер критерийі және Манн-
Уитнидің U- критерийін жатқызуға болады
25
.
Психологиялық
ғылыми
зерттеулер
нәтижелерін
математикалық-
статистикалық өңдеудің кезінде қолданылатын
критерийлер өз пайдалану
ерекшеліктеріне қарай үлкен екі топқа бөлінеді: параметрикалық және
параметрикалық емес. Бұл критерийлер зерттеушіге өз кезегінде қалыпты
үлестірім (теоретикалық) мен эмпирикалық үлестірім арасындағы сәйкестікті
анықтауға көмектеседі.
Зерттеуші өзі жүргізген эмпирикалық зерттеу
нәтижелерін алғашқы өңдеу
мәліметтеріне (қалыпты үлестірім, орталық тенденция мәндері (мода, медиана,
арифметикалық орта), дисперсия, ассиметрия, эксцесс т.б.) сүйене отырып,
аталмыш екі топ критерийінің бірін таңдайды. Бұл үшін осы екі топтың басты
ерекшеліктерімен санасу қажет.
Параметрикалық критерийлер зерттеу нәтижесінде қол жеткізген эмпирикалық
үлестірім теоретикалық не қалыпты үлестірімге
сай болғанда және барлық
мәліметтер сандық шама негізінде бейнеленгенде кеңінен қолданылады. Ал бұл
шарттар орындалмағанда, яғни эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірімге сай
емес және мәліметтер сандық шамалармен бірге сапалық көрсеткіштер негізінде
бейнеленгенде параметрикалық емес критерийлерді пайдалану ұтымды болады.
Мұндағы сапалық мәліметтердің кездесу жиілігі –
мәліметтердің сандық
бағалануы болып саналады.
Сондай-ақ зерттеушілер өзі пайдалануды ұйғарған критерийлердің
мүмкіндіктері мен шектеулері туралы толық хабардар болуы тиіс Төмендегі
кестеде осы критерийлердің мүмкіндіктері мен шектеулері айқын бейнеленген.
Статистикалық критерийлердің мүмкіндіктері мен шектеулері
№
Параметрикалық критерийлер
Параметрикалық емес критерийлер
1
Екі таңдаудан алынған орта мәндердің
айырмашылығын
тікелей
бағалауға
мүмкіндік береді (Стьюдент критерий- t)
Тек орта мәндерді ғана бағалауға мүмкіндік
береді. М: зерттеулер тобындағы белгілердің
А: тобына неғұрлым жоғары , ал Б: тобында
неғұрлым төмен мәндері жиі кездесетінін
айқындайды
)
,
,
(
Достарыңызбен бөлісу: