Болтаева ә. М


Эксперименттік айнымалылар



Pdf көрінісі
бет87/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Эксперименттік айнымалылар
- зерттелетін объект жағдайына тікелей және
жанама әсер ететін бақыланатын және бақыланбайтын факторлар. 
Тәуелсіз айнымалы
-
эксперименттік топ іс-әрекетін енгізілетін зертеуші
тарапынан өзгертілетін факторлар. 
Тәуелді айнымалы
-
тәуелсіз айнымалы әсерінен өзгеріске ұшырайтын
факторлар. 
Эксперимент валидтілігі
-
ол біз дәл қажетті қасиетті зерттеп, өлшеп 
жатқанымызды дәлелдеуге бағытталған эксперимент қасиеті.
Ішкі валидтілік

бұл зерттеп жатқан өзгерістердің себебі эксперименттік әсер 
екендігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті болып табылады. Ішкі 
валидтілікке көз жеткізбей бірде бір экспериментке талдау жасалынбайды.
Сыртқы валидтілік

бұл алынған қорытындыны жалпылап, оларды басқа 
эксперименттік жағдайларға тарата алуға кепілдік беретін эксперимент қасиеті. 
Плацебо эффектісі - 
дәрігерлерде айқындалған эффект. Ол сену және өзін -өзі 
иландыру механизміне негізделген. (Мұнда зерттелушілер дәрі немесе дәрігер 
әрекеті - оларды сауықтырады деп сенуі нәтижесінде олардың жағдайының 
жақсарғанын байқаған);
Хотторн эффектісі
- фабрикалардағы әлеуметтік психологиялық зерттеулер 
жүргізу кезінде айқындалды. Психологтар жүргізген экспериментке қатысуға 
шақыртуды зерттелушілер өзінің тұлғасына деген ықылас ретінде бағалаған. 
Нәтижесінде қатысушылар зерттеуде өздерін экспериментаторлардың күтулеріне 
сай ұстайды.
Аудитория немесе әлеуметтік фасилитация (күшею) эффектісі
- кез келген 
сыртқы 
бақылаушының 
қатысуы 
(экспериментатор 
немесе 
ассистент) 
зерттелушінің жүріс–тұрысын өзгертеді. Бұл эффектіні Г.Зайонц анықтаған. Бұл 
эффект спортсмен жарыстарында көрермендер мен дайындық кезіндегі 
нәтижелердің айырмашылығынан анық көрінеді.


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет