98
Дисперсиялы талдау
– сызықты комбинациялар түрінде берілген факторлар мен
бір уақытты әрекет ететін факторлардан
тәуелді бақылауды өңдеудің
статистикалық әдістер жүйесі.
Регрессиялық талдау
– (латынша regressіo –артқа шегіну) айнымалының орталық
мәнінің өздерінің бір немесе төл факторлардан тәуелділігін зерттейтін
статистикалық талдау аймағы.
Корреляциялық талдау
– (латынша Correlatіo–арақатынас, байланыс, тәуелділік)
корреляциялық қатынастармен байланысты айнымалылар
арасындағы өзара
тәуелділікті зерттеудің статистикалық әдістерінің жиыны.
Латенттік талдау
– (латынша Latentіs–жасырын, көрінбейтін) жасырын
айнымалыларды (белгілерді) және олардың
арасындағы ішкі құрылымдық
байланыстарын айқындаудың аналитикалық–статистикалық процедураларының
жиынтығы.
Факторлық талдау
– жасырын белгілер мен олардың пайда болу себептері және
өзара байланыстарының ішкі заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік
беретін
аналитикалық әдістер жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: