U- критерийі (Манн -Уитни) - шағын таңдаулар арасындағы айырмашылықты
айқындау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.
Н- критерийі (Крускал–Уоллис) - бір мезгілде 3, 4 және оданда көп таңдау тобы
арасындағы қандайда бір белгілік дәрежелердің айырмашылығын бағалау үшін
қолданылатын статистикалық әдіс.
S-тенденциялар критерийі (Джонкир) - 3 және одан көп таңдауларды
салыстыру кезіндегі бір таңдаудан екіншіге өту жағдайындағы белгілердің өзгеру
тенденцияларын айқындау үшін пайдаланылатын статистикалық әдіс.
2
X -критерийі (Пирсон) белгілердің эмпирикалық үлестірімін теоретикалық
үлестіріммен салыстыру үшін және бір ғана белгінің 2 –ден кем эмпирикалық
таралымын салыстыру үшін пайдаланылатын статистикалық әдіс.
s r - рангілік корреляциялар коэффициенті (Спирмен) критерийі - екі белгінің
не екі профильдің (иерархия) белгілерінің арасындағы корреляциялық
байланыстың бағытын және күшін анықтауға арналған статистикалық әдіс.
G- белгілер критерийі - зерттелінетін белгінің жылжуының жалпы бағытын
анықтау үшін пайдалынады. Ол таңдаудағы белгілік мәндердің бір өлшемнен
екіншіге өтуіндегі өзгеру бағытын (жақсару, жоғарылау, күшею немесе өзгеру,
төмендеу, әлсіреу) анықтауға мүмкіндік береді.
2
r X - критерийі (Фридман) - бір таңдаудағы зерттелушілердің 3 немесе одан көп
жағдайларда өлшенген көрсеткіштерін салыстыру үшін пайдаланылады.
L- тенденциялар критерийі (Пейдж) - бір таңдаудағы зерттелушілердің 3 немесе
одан көп жағдайларда өлшенген көрсеткіштерін салыстыру үшін арналған
статистикалық әдіс.