Боөж материалық нүктенің механикасы



бет5/5
Дата31.03.2022
өлшемі189,92 Kb.
#137437
1   2   3   4   5
Байланысты:
физика 1 боөж

Қорытынды

Механика –механикалық қозғалыс заңдылықтарын және сол қозғалысты тудыратын себептерді зерттейтін физика бөлімі.

Механикалық қозғалыс- дененің уақыт өткен сайын кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі.

Механика кинематика және динамика болып бөлінеді. Кинематика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді емес, қозғалысын зерттейді. Динамика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді зерттейді.

Физикада денелер қозғалысының сипаттамасын жеңілдету үшін модельдер қолданылады.Модель негізгі және маңызды жағдайларды сипаттайды және маңызды емес нәрселерді қарастырмайды. Ең қарапайым модельдер- материалдық нүкте және абсолют қатты дене.

Материалдық нүкте деп - берілген есепте өлшемі мен пішінін елемеуге болатын денені айтады.

 Абсолют қатты дене деп - берілген жағдайда деформациясын(өлшемі мен пішінінің өзгеруі) елемеуге болатын денені айтады.

Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақылбаев Ж.С., Гладков В.Е., Ильина Л.Ф., Тұрмұқанбетов А.Ж. Механика: Оқулық. - Астана: Фалиант баспасы, 2005. - 464 бет.

2. Әлжанов Қ.З., Құсайынов Қ.Қ., Мүсенов К.Қ., Дәрібеков С.Д. Молекулалық физика: Оқулық. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001. 520 б.

3. Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм: Оқулық. 1-б. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003 - 480 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет