Әйел
жыныс мүшелерінің қатерлі ісік алды
ауруларына жататындар: жатыр мойны эрозиясы,
вульва және жатыр мойны лейкоплакиясы,жыныс
мүшелерінің полиптері.
Лейкоплакия-дистрофиялық ауру,
нәтижесінде
шырышты қабаттың өзгеріске ұшырауы және
эпителийдің мүйізделуі болады. Яғни сыртқы
жыныс мүшелерінде, қынапта, жатыр мойнының
қынаптық бөлімінде ақ түсті, әртүрлі пішінді
дақтардың пайда болуымен, тіннің тартылып,
склероздануымен сипатталады.
Жатыр мойнының эрозиясы-жатыр мойнының
шырышты қабатында үлкендеу жаралардың пайда
болуы.
Жатыр мойны каналы көпқабатты цилиндрлік
эпителийден құралған, жатыр мойнының
қынаптық бөлігі жалпақ эпителийден құралған.
Эрозия 2 ге бөлінеді: жалған және шынайы.
Жалған эрозия-ішкі жатыр мойнының
каналының сыртқа айналып кетуі кезінде болады. Шынайы эрозия -жатыр мойнының қынаптық
бөліміндегі ашық күлгін түсті сау тінде қызыл дақ
тәрізді көрінеді.
Әйел жыныс мүшелерінің полиптері-ол қатерсіз
ісікке жатады.Пішіні ворсинка және алмұрт тәрізді
болады. Шырышты қабатқа полиптер өзінің
денесімен
немесе
ұзын
аяқшаларымен
бекиді.Полиптер жатырдан қан кетулерге әкелуі
мүмкін.
Қатерсіз
және
қатерлі
ісіктердің
сипаттамасы. Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз
және қатерлі ісіктерінің ішінді ең жиі кездесетіні
жатыр ісігі (80 % дейін). Сирегірек аналық без (1516 %) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (24 %) ісігі кездеседі.
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінен ең жиі
кездесетіні
жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын
ісік.
30 – 50 жас аралығындағы гинекологиялық науқас әйелдердің ішінен миома 8 – 14% жиілікте кездеседі. Ісіктің гармонға
тәуелді екені анықталды. Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде
фолликулостилеулдеушігормон секрециясы жоғарылаған,
лютеинизирлеуші гормон синтезі төмендеген, менструальды циклдың сары дене фазасы қысқарған және
гиперэстрогенемия байқалады.
Клиникасы
Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі
және ең ерте симптомы қан кету болып табылады.
Гиперполименорея немесе метроррагия типті
жатырдан қан кету науқас әйелдердің 40 – 45%
кездеседі.
Әрбір екінші қан кетуі бар науқас әйелдерде екіншілік постгеморрогиялық анемия анықталынады. 18 – 20%
ауырсыну синдромы,. 12 - 15% көмей – асқазанның
функциясының бұзылуы анықталады 30% жағдайда
науқас әйелдер ешқандай шағым айтпайды, ісік тек
профилактикалық тексеру кезінде ғана анықталады.
Емі
Жатыр миомасының емі клиникалық көрінісінің
айқындылығына, түйіндердің локализациясына, ісік
көлеміне және науқас әйелдің жасына байланысты
шұғыл операцияға көрсеткіш: түйіндердің қысылып
қалуы, никрозы, субмукозды миоманың «тууы»,
екіншілік операцияның анық болумен жүретін шамадан
тыс қан кетулер, миоманың инфицирленуі, зәр шығару
мен нәжіс шығарудың айқын бұзылыстары, ісіктің
қатерлі ісікке айналу күдігі.
Диагностика әдістері