8.2 «Акушерия және гинекология»" пән /модуль бойынша бойынша жағдаяттық есептер №1Ситуациялық есеп ФАП фельдшеріне бірінші жүктілікпен А., 25 жаста, гестация мерзімінде 5-6 аптада тәбеттің болмауына, жүрек айнуына, тәулігіне 6-дан 10 ретке дейін құсуына, тамақтануға қарамастан дене салмағының 1,5 аптада 1,5 кг-ға төмендеуіне шағымданды.
Жалпы жағдайы орташа. Қозғыштықтың жоғарылауы байқалады. Тері және көрінетін шырышты қабаттар, құрғақ. Дене температурасы субфебрильді. Пульс 100 соққы/мин, ырғақты, қанағаттанарлық толтырулы және кернеулі. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Күнделікті диурез 850 мл.
-Болжам диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Осы жағдайда сіздің тактикаңыз.
Жауап эталоны 1.ауырлығы орташа дәрежедегі жүкті әйелдердің токсикозы (5 есеге дейін құсу –жеңіл; тәулігіне 6 –дан 10 ретке дейін ауырлығы орташа дәрежедегі; 10 еседен астам-ауыр).
2. Протокл бойынша жүкті әйелді басқару тактикасы, шұгыл түрде стационарға жіберу