№12Ситуациялық есеп Алғаш босанушы 25жаста. Босанғаннан кейінгі 6-шы тәулікте сол жақ сүт безінде ауырсыну пайда болды, температура – 38,5 С.
Объективті: сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында 5х6 см тығыздық, пальпация кезінде ауырсынады, тығыздық үстіндегі тері гиперемияланған. Жатырдың түбі қасаға деңгейінде. Жыныс жолдарындағы бөлініс орташа, серозды, иіссіз.
Тапсырма -Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз, қажетті қосымша тексерулер.