Жауап эталоны
- болжамды диагноз: босанғаннан кейінгі мастит.
- акушер-гинекологтың кеңесі
-сүт безінің УДЗ
- ЖҚА, ЖЗА.
- хирург кеңесі
№13Ситуациялық есеп
Науқас С., 22 жаста, ФАП фельдшеріне іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, температураның субфебрильді сандарға дейін көтерілуіне, жағымсыз иісі бар сары бөліністердің пайда болуы туралы шағымдармен жүгінді.
Тапсырма
-Диагнозды нақтылау үшін осы науқаста қандай міндетті зерттеу әдістерін жүргізу керек?
Жауап эталоны
-ЖҚА, ЖЗА
- гепатит, АИТВ, бак маркерлері.зәрді себу.
- тазалық дәрежесіне жағынды
- екінші флораға жағынды
- гонореяға жағынды, трихомонус
№14Ситуациялық есеп
Науқас М., 14 жаста, 6 күн бойы әлсіздік, бас айналуы, жыныс жолдарынан қатты қан кетуі туралы шағымданды. Етек кірі 13 жастан басталған, ретсіз (6-8 аптадан кейін), көп мөлшерде,қою-ұйытпалармен, ұзақтығы 8-10 күн, ауыртпалықсыз.
Тексеру кезінде: терісі бозғылт. Пульсі минутына 94 соққы, ырғақты, қанағаттанарлық толтырулы және кернеулі. АҚ 100/70 мм сын.бағ. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған,әйел типіне сәйкес түктену, гимені бүтін. Жыныс жолдарындағы бөліністер қанаралас, көп мөлшерде. Ректоабдоминальды зерттеу кезінде ауытқулар табылған жоқ. Қан талдауында – гемоглобин 90 г/л.
Тапсырма
-Жатырдан қан кетуді жіктеңіз,
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |