Жатыр қуысын
қолмен тексеру (амалсыз жағдайда кюретаж)
Плацентаның шынайы өсуі - лапаротомия, гистерэктомия
Айнада қарау
Босану жолдары жұмсақ тіндерінің жыртылуын тігу
Жатырдың айналып кетуін коррекциялау
Жатыр жыртылуындағы лапаротомия
Ұю факторларын құю (ЖМП, криопреципитат, тромбоцитарлық масса)
НовоСевен 90 мкг/кг қажет болса 1-2 сағаттан кейін қайталау
2. Босанудан кейінгі кешеуіл (екіншілік) қан кету кезіндегі алғашқы көмек.
Бос персонал мобилизациясы (толық көлемде оперативті техниканы меңгерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, лаборантты шақыру).
Қан кету көлемін бағалау.
Ахуалды бағалау және организмнің өмірге маңызды функцияларын бақылау (АҚ, пульс, температура, тыныс жиілігі).
Қуықты катетерлеу - қуық бос болуы қажет.
Қан кетуге қатысты 3:1 көлемінде инфузияны бастау үшін 1 немесе 2 перифериялық венаны катетерлеу (№ 14-16G).
Қан тобын, Rh-факторды анықтау, үйлесімділікті анықтауға қан алу.
Себепті анықтау:
- жатырды зерттеу (тонус)
- плацентаны зерттеу (тін);
- босану жолдарын тексеру (жарақат);
- ДВС-синдромды алып тастау (тромбин).
Босанушыны жылыту (көрпемен жабу, ылғал төсеніштерді құрғаққа ауыстыру).