Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептерін органикалык және функционалдык деп екіге беледі
1. Органикалық, себептерг.
Жамбас елшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы;
жатырдың ақаулары; қағанақ суының көптігі; ұрык қимылының артуы; жатырдың төменгі сегментіндегі миоматозды түйіншіктері; егіз жүктілік;
2. Функционалдық себептері: ретсіз толғақ.
Диагнозі. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау үшін сыртқы, ішкі акушерия зерттеулерінің тәсілдеріне сүйенеді.
Бұл жағдайда жатыр деңгейі жоғары түрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді, осыған байланысты жамбас қуысының кіреберісіне біте орнықпайды.
Сыртқы зерттеу кезінде Леопольд тәсілдерін қолданады, жамбастың кіреберіс жазықтығына жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Нәрестенін жүрек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.
Қынаптық зерттеу кезінде: бөксеаралық сызығы (Ііпеа іпіегітосһапіегіса) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, сегізкөз, құйымшақ сүйектерін анықтауға болады. Егер боксе аяқпен аралас жатса, оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте бөксемен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады, сондықтан сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет; нөресте бетпен жатқан жағдайда қас жиегін, мұрын түбін анықтайды. Нәрестенін жамбаспен жатуын анықтағанда - қосымша ультрадыбыс. амниоскопия зерттеулерін қолданады.
УДЗ-де ұрықтың жамбаспен жатуын анықтаумен бірге. оның жынысын, салмағын, басының бағытын (бүгілгенін. шалқайғанын), шіацентаның орнын, қағанақ суының көлемін және ұрықтың ауытқуларын анықтауға болады.
Жүктілік және босанудың ағымы
Нәресте жатырда жамбаспен жатқанда жүктілік пен босану ағымындағы асқынуларды ескере отырып, көптегеи акушерлер нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынған (профилактикалық сыртқы акушерлік бұру операциясы арқылы). Бірак бұл операцияда көптеген асқынулар болыг - жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, қалыпты орналасқан плацентаньщ мезгілсіз бөлінуі т.б.; операция нәтижесіз болды
Көптеген авторлар Грищенко және Шулешова, Дикань түрлі гимнастикалар көмегімен жатырда нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынды (35 апталық жүктіліктен бастап)
Диканьннің гимнастикасы бойынша: жүкті әйел қатты төсекте, кезекпен оң және сол бүйіріне 10 минуттан жатады (бір сағат бойы). Гимнастиканы күніне 3 рет тамақ алдында жасайды. Бір апта аралығында нәрестенің жату қалпы өзгеру мүмкін (жамбастың орнына нәресте басы орнығады).
Достарыңызбен бөлісу: |