Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиолоигиясы
1. Босанған әйел организміндегі өзгерістер
Босанғаннан кейін немесе пуэрперальді кезең – жүктілік және босану кезеңдерінде өзгерістерге ұшыраған мүшелермен жүйелердің инволюциясы. Тек сүт бездерінің және гормональді жүйенің қызметі арта бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 6-8 апта.
Горманальды гемостаз
Босанғаннан кейінгі кезеңде бірден плацентарлы гормон төмендейді.Гипоталамо-гипофиз – аналық бездегі циклдік байланыстардың қалыптасу уақыты және етеккір қызметі әйел емшек бездерінің сүттенуімен байланысты.Босанғаннан кейін овуляторлы циклдің пайда болу аралығы – 49 күн (сәбиді емізбейтін әйелдерде); 112 күн (сәбиді емізетін әйелдерде).Емшек бездері сүтті болу үшін, эстроген, прогестерон, пролактин гормондарының әсері жеткілікті болу керек,содан кейін оның қызметін гипоталамо-гипофиз жүйесі реттейді.Ана қанында пролактин мен окситоциннің пайда болуы емшек ұштарының тітіркенуіне байланысты, сондықтан әйел босанғаннан кейінгі алғашқы сағатта сәбиге емшек ұшын сорғызады, емшек бездерінің сүтті болуына және жатырдың жиырылуына әсер етеді. Босанғаннан кейінгі кезеңде ішкі секреция бездерінің қызметі біртіндеп қалыптасады. Қалқанша безі 12 аптадан кейін бұрынғы қалпына келеді.Сонымен қатар, инсулин, глюкокортикоидтардың және минералокортикоидтардың синтезі өзгеріп, зат алмасу және әйел организмінің мүшелерімен жүйелеріне инволюциялық әсерін тигізеді.Жыныс мүшелері және сүт бездері Жатыр.Босанудың үшінші кезеңінің соңында жатыр едәуір жиырылып көлемі кішірейеді; оның деңгейі шаттан 15-16 см жоғары тұрады. Қабырғаларының қалыңдығы 4-5 см, көлденең өлшемі 12-13 см, қуыс ұзындығы 15-18 см, салмағы – 1000 г. Жатыр мойны ашық болады (қол саусақтары өтеді). Жатыр өте қимылды (жатыр байламдарының, жамбас түбінің созылып босауына байланысты). Бір аптадан кейін, инволюциялық өзгерістерге байланысты жатыр салмағы – 500 г, екінші аптада 350 – г, үшінші аптада -250 г, соңында -50 г тең (алғашқы қалпына келеді).Жатыр мойын иволюциясы – босанғаннан кейін, 10-12 сағаттан кейін ішкі мойын өзегі жиырылады, сыртқы мойын өзегі өзгермейді, бір тәуліктен кейін мойын өзегі тарылып, 10 тәулікте ішкі мойын өзегі жабылады.Сонымен жатыр мойны 13 аптаның соңында өз қалпына келеді.
Жатырдың ішкі бетінің эпителизациясы 10 –тәуліктің соңында бітеді, ал плацентаның орны тек үшінші аптаның соңында жазылады. Жатыр қуысындағы децидуальді қабықшалардың және қанның қалдығы протеолитикалық ферменттердің әсерінен босанғаннан кейін 4-10 тәулікте сыпырылып шығады.
Жатырдан ағатын бөлінділерді лохия (ақ кір) дейді, босанғаннан кейінгі күндерде әр түрлі; 2-3 күндері қанды лохиялар, 3-4 және аптаның соңына дейін – серозды лохиялар, 10- күннен бастап – ақ түсті (лейкоциттер аралас) лохиялар, сонымен 5-6 аптада жатырдан бөлінділер тоқтайды.
Жатыр қосалқылары - алғашқы екі апта аралығында бұрынғы (жүктілікке дейінгі) қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |