БОСАНУДЫҢ ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Босанудың физиологиясы
Босану - физиологаялық құбылыс, бұл кезеңде жатырдан ұрық, бала жолдасы қағанақ суымен бірге босану жоддарынан ығыстырып шығарылады. Босану мерзімінде (partus maturus normalis) жүктіліктің 37-41 аптасында, мезгілінен ерте босану (partus preamaturus), жүктіліктің 37 аптасына жетпей; мерзімінен кеш босану (partus seretinus), жүктіліктің 42 аптасынан жоғары болғанда кездеседі.
Босану әрекетінің себептері
Босану әрекетінің себептері бүгінге дейін анықталмаған.
Босану әрекетінің себептерін анықтау үшін көптеген жылдар бойы ғалымдар бірнеше теориялар ұсынды. Гипократтың гипотезиясы бойынша , толғақың басталу себебі, ашыққан ұрық жатыр қабырғаларын аяғымен тепкілеп, өзі жатыр қуысынан шығады деген. Сол сияқты механикалық, иммунологиялық, плацентарлық, химиялық, эндокриндік теориялар жарыққа шыққан.
1.Жүктіліктің соңында жатыр,ана және ұрық , қоршаған ортада болатын химиялық , механикалық қоздырғыштарға сезімтал болады. Мысалы , жүктіліктің соңғы айларында қарағанда, ұрықтың бөліктері жатыр қабырғаларына жақын орналасып , ол өз қозғалысымен жатырдың жүйке тармақшаларын қатты қоздырады. Ұрық өскен сайын оның қозғалысы көбейіп , қоздыру әсері жоғарылайды. Негізінде жатырдың төменгі сегментімен , жатыр мойнымен ұштасатын ұрық бөлігі қатты қоздыруды тудырады.
2. Эндокринология ғылымының даму барысында, босану әрекеттерінің себептерін әйел организміндегі гормондар қатынасының , мөлшерінің өзгеруіне байланысты деп түсіндіреді. Жүктіліктің соңында жатырдың қозуы мен жиырылуына әсер ететін стероидтық және басқа гормондардың қатынасы өзгереді.
Прогестеронның құрамы төмендеп, гонадотропиннің мөлшері азаяды, сонымен қатар бұл гормондардыың жатырдың жиырыуын тоқтататын әсері жоғарылайды. Эстрогеннің құрамы әсіресе , активті фракциясы - эстрадион қанда көбиеді, жатырдың қозуы мен жиырылуына әсер ететін дәпі-дәрмектердің сезімталдығын күшейтеді. Сонымен қатар жатыр мойнының жұмсарып қысқаруына , "пісіп жетілуіне " көмектеседі. Әсіресе окситоцин мен простагландиннің жатырға әсері күшті.
Окситоцин -гипофиздің артқы бөлігінің горманы, жатырдың жиырылу қабілетін қалыптастырдаы, оның әсері қандағы эстроген мен прогестеронның құрамына байланысты.
3.Ацетилхолин - жүйке қозуының өткізгіштігін , окситоцин әсерін күшейтеді . Сонымен қатар , серотонин , адреналин жатырдың жиырылуын ұлғайтады. Толғақты қалыптастыруда организмдегі калий,кальций, магний, натрий иондарының әсері бар .Калий жатырдың моторлық қызметін , кальций джатыр тонусын және окситоциннің сезімталдығын күшейтеді. Магний тұздары жатырдың жиырылуын төмендетіп басады.
Жүктіліктің соңында жатыр миоциттерінде белоктардың гликогеннің , кретиннің , ккальцийдің жиналуы жатырдың қозуы мен жиырыулуын арттырады.Босанар алдында жатырдың қозуы күшейдіі және жүйке тармақшаларының химиялық, мехханикалық әсерленуі артады. Сонымен қортып айтқанда , толғақ басталар алдында жатырдың қозуы күшеюіне; жүйке жүйесінің өзгеруі; прогестерон мөлшерінің төмендеуі ; эстроген , ацетилхолин , адреналин, кальций, гликоген , креатиннің құрамдарының жоғарлауы; жатырдың төменгі жатырдың қозуы мен жиырылуына әсер ететін стероидтық және басқа гормондардың қатынасы өзгереді. Прогестеронның құрамы төмендеп , гонадотропиннің мөлшері азаяды , сонымен қатар бұл гармондарыдың жатырдың жиырылуын тоқтатаын әсері жоғарылайды. Эстрогеннеің құрамы әсіресе активті фракциясы эстрадиол қанда көбейеді, жатырдың қозуы мен жиырылуына әсер ететеін дәрі-дәрмектердәі сезімталдығын күшейтеді. Сонымен қатар жатыр мойнының жұмсарып қысқаруына , "пісіп -жетілуіне " көмектеседі.
Әсіресе окситоцин мен простагландиннің жатырға әсері күшті.
Окситоцин-гипофиздің артқы бөлігінің гормоны, жатырдың жиырылу қабілетін қалыптастырады, оның әсері қандағы эстроген мен прогестеронның құрамына байланысты.Соңғы жылдар простагландин F2,E және оның топтарының босану әрекетттірнің ағысына әсер үлкен екені сонымен қатар жатырдың жиырылуына әсер етіп, прогестреондық кедергіні тоқтататыны анықталаған.
3. Ацетилхолин- жүйке қозуының өткізгіштігін окситоцин әсер күшейтеді . Сонымен қатар серотинин, адреналин жатырдың жиырылуын ұлғайтады.
Толғақты қалыптастыруда организмдегі калий, кальций, магний, натрий иондарының әсері бар.Калий жатырдың моторлық қызметін , кальций жатыр тонуысын және окситоциннің сезімталдығын күшейтеді. Магний тұздары жатырдың жиырылуын төмендетіп басады.
Жүктіліңтің соңында жатыр миоциттерінде белоктардың, гликогеннің , кретиннің , кальцийдің жиналуы жатырдың қозуы мен жиырылуын арттырады. Босанар алдында жатырдың қозуы күшейді және жүйке тармақшаларының химиялық , механикалық әсерлені артады. Сонымен қортып айтқанда толғақ басталар алдында жатырдың қозуының күшеюіне; жүйке жүйсінің өзгеруі; прогестерон мөлшерінің төмендеуі; эстроген, ацетилхолин, адреналин, кальций, гликоген, креатинин құрамдарының жоғарлауы; жатырдың төменгі сегментімен , мойнымен ұштасқан нәресте бөлігі , оның қимыл қозғалысы да осы бағытта әсер етеді . Сөйтіп , жатырдың қозуы мен сезімталдық күші бір шарыққа жеткен кезде босану әрекетті басталады. Ал бүгінгі күні негізгі теория - босану әрекетінің күрделі және көп салалы құбылыс екенін дәлелдеп отыр. Боснау әрекеті әйел организміндегі көптеген жүйелердің жүйке, эдокрин , гипоталамус-гипофиз және жыныс жүйелерінің физиологиялық өзгерістерінің қарым -қатынастық байланысынан пайда болатын құбылыс.Бұл теория бойынша жатырдан орталық жүйкеге (ож) ұзақ уақыт келіп әсер ететін толқындар үлкен ми қыртысында -жоғарғы қозу ошағын құрып, индукция заңы бойынша басқа қозулады басып отырады. "Жүктілік доминанты" ұрықтың дамуына, жүктіліктің босанудың дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Сонымен ,организмнің жоғарғы жүйке , нейрогуморальдық, гипоталамо-гипофиз жүйелерімен орындаушы мүшелері пісіп жетілген , орталық жүйкеде "босану доминанты" қалыптасқанда ғана әйел босана бастайды(толғақ басталады). Бірақ босанудан 2-3 жұма бұрын әйел организмі боснауға дайындық кезеңінен өтеді.
Дайындық кезеңі жүктіліктің 37-38 апталық мерзімімен басталады. Бұл өзерістердің пайда болуы жүкті әйел организмінің боснауға дайындығының кепілі.
Өзгеріс барысында:
-жүкті әйелдің " ішінің төмен түсі", жатырдың төменгі сегментінің созылуы, нәресте басының жамбастың кіреберіс жазықтығына орнығуы , жатыр түбінің төмендеуі;
- Кіндіктің бүртүюі байқалады;
-орталық және вегатитивтік жүйке жүйлерінде өзгерістер болады( әйел ұйқышыл , шаршағыш келеді)
-дене салмағы 1-2 кг төмендейді ( босанардан 2-3 күн бұрын)
-ұрық қимылының төммендеуі байқалады;
-іштің төменгі жағында , сегізкөз аралығында ауру сезімі және жатырдың жиырылу қабілеті артады;
-жыныс жолдарының " шырышты тығын" аға бастайды;
-босанар алдында жатыр мойны "пісіп " жетіледі. жатыр мойнының пісіп жетілуін төрт белгі бойынша анықтайды , ұзындығы, консистенциясы мойын өзегінің өткізгіштігі және оның жамбас қуысының өткізгіш бағытына орналасу қатынасы . Әрбір белгіні балл бойынша бағалайды. -0-2 баллға дейін , арнайы шкала бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |