Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең - жатыр мойнының ашылуы. Екінші кезең - ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Үшінші кезең - плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп бала жолдасының туылуы. Бірінші кезеңде ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады (10 -12 см). Жатыр мойнының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығына байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақтығы -10 -15 сек; ортасында - 30 -40 сек; соңында - 45 -50 сек. Толғақтың күші үш түрлі болады: әлсіз (10 -15 сек), орташа (30 -40 сек) және күшті (45 -50 сек). Босанудың басында толғақ 15 -20 мин сайын қайталанып, біртіндеп жиілейді.
Жатыр мойнының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
1.жатырдың бұлшық еттерінің жиырылуы
2.Жатыр қуыс қысымының ұлғаюына сәйкес, іштен жатыр мойның ашылуына қаған қуығы немесе ұрықтың төменгі бөлігі әсер етеді.Жатыр мойнының ашылуына әсер ететін негізгі механизм - жатыр бұлшық еттерінің жиырылуы. Бұлшық еттердің орналасуы қалпына байланысты жиырылу ерекшеліктері : жатыр денесінде бұлшық еттер ұзынша , ал төменгі сегментінде айналмалы қалыпта орналысқан . Осыған байланысты жатыр денесі және төменгі сегменттің қызметі әртүрлі : жатыр мойны ашылғанда , жатыр денесі жиырылады(ұрық пен плацентаны ығыстыру үшін).
Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшық еттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
1.жатыр бұлшық ет талшықтарының жиырылуы (контракция )
2.бұлшық ет талшықтарының бір-бірімен жанама (ретракция)
3.бұлшық ет талшықтарының созылуы (дистракция)
Жатыр денесінде негізінде контракция және ретракция байқалады, толғақ кезінде бұлшық еттер ұзынша созылады, жиырылғанда қысқарады, жанама жылжып бір-бірімен араласып жатады.
Жатыр денесінде ұзынша орналасқан бұлшық ет талшықтары контракция және ретракция кезінде , жатыр мойынында айналмалы қалыпта орналасқан бұлышқ ет талшықтарын тартып, жатыр мойнынын ашылуына әсер етеді. Босану кезінде жатырдың жиырылуы механизімін Монтевидно, Уругвай 1960 жылы толық зерттеген. Жатырдың жиырылуы қасиетін токографиялық әдістерімен зертт еу арықылы "төменгі үштік градиент" теориясын анықтаған. Бұл теория бойынша жиырылғыш толқын жатырдың бір бұрышынан еінші бұрышынан ,одан кейн жатыр түбіне , төменгі сегментіне тарайды, (жатырдың алғашқы қозуы оң жақ жатыр бұрышынан басталады), бірақ жатырдың жиырылуы балық бөліктерінде бір мезгілде байқалады.
Жатырдың жиырылуы "төменгі үштік градиент" приницпі бойынша болған жағдайда , жатыр мойнының ашылуына толық жағдай жасалады( жатыр мойын бұлышық ет талшықтары тартыладыжжәне жатыр қуысының қысымы жоғарлайд). Жатыр жиырылған кезде, қағанақ суына жатыр қабырғаларынан бірдей қысым түсіп, гидравликаның заңы бойынша қағанақ суы жатырдың төменгі сигментіне қарай бағытталады. Ал жатыр мойнының ішшкі өзегіне жатыр қуыс қысымының артуы салдарынан қағанақ суы жылжиды. Қағанақ суы қысымының әсерінен ұрық қабыршағының төменгі полюсі жатыр қабырғасынан ажырап, жатыр мойнының ішкі өзегіне енеді. Қағанақ суымен бірге жатыр мойын өзегіне енген ұрық қабыршағының төменгі полюсінің бөлігін өағанаө қуығы дейді. Толғақ кезінде қағанақ қуығы керіліп, жатыр мойын өзегіне қарай тартылып, жатыр мойнының ашылуына әсер етеді.
Босанудың бірінші кезеңінің ағымында латентті, белсенді және бәсіңкі фазаны ажыратады.
Латентті фаза – ретті толғақтан бастап, жатыр мойнының 3– 4 см ашылғанға дейінгі аралығы. Ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда – 4– 8 сағат; босанып жүрген әйелдерде – 2– 4 сағат. Латентті фазадан кейін бірден белсенді фаза басталады, бұл фазада жатыр мойны тез жайылып, 4 см-ден 8 см-ге дейін ашылады. Осыдан кейін бірден нәресте басының төмен түсуімен - бәсіңкі фаза басталады. Латентті фазадағы жатыр мойнының ашылу жылдамдығы: 0, 35 см бір сағатта. Белсенді фазада – 1, 5– 2 см сағатына тұңғыш босанушыларда, 2– 2, 5 см сағатына босанып жүрген әйелдерде. Бәсіңкі фазада – 1– 1, 5 см сағатына. Сонымен жатыр, мойнының ашылу қарқыны жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, жатыр мойнының резистенттілігіне байланысты. Жатыр мойны ашылған сайын, оның жиектері жұқаланып, жатырдың төменгі сегменті пайда болады. Жатыр мойнының ашылуымен қатар, бір мезгілде нәрестенің төменгі бөлігі біртіндеп босану жолдары арқылы жылжиды. Толғақ басталғанда нәресте басы жамбас қуысына түседі, ал жатыр мойны толық (10– 12 см) ашылғанда, оның басы үлкен сегментімен жамбастың кіре беріс жазықтығында орнығады. Нәресте басымен орныққанда қағанақ суы алдыңғы және артқы бөлігі болып екіге бөлінеді; себебі нәресте басы жатырдың төменгі сегментінің қабырғасын босану жолдарының негізгі сүйектеріне басып тұрады. Жатыр мойны толық ашылғанда қағанақ қуығы өзінің физиологиялық функциясын жоғалтады.
Қағанақ қуығы кейде жазық болады, оны суы жоқ мұндай қуық тек нәресте басына кептеліп, босанудың ағымын тоқтады. Жатыр мойны толық ашылғанда, жатыр қуысы қысымының артуы салдарынан, қағанақ қуығының қабықшасы жарылып, қағанақ суының алдыңғы бөлігі төгіледі (қағанақ суының мезгілінде кетуі). Қағанақ қабықшасы толғақ басталмай жарылса — қағанақ суының мезгілсіз кетуі; ал толғақ басталғанан кейін немесе жатыр мойны толық ашылмай жарылса — қағанақ суының ерте кетуі дейді. Бірінші кезеңнің ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда – 11– 12 сағат, босанып жүрген әйелдерде – 7– 8 сағат.
II кезең — жатыр мойнынын толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Тұңғыш босанушыларда бұл кезеңнің ұзақтығы – 1 сағаттан 2 сағатқа дейін, босанып жүрген әйелдерде 5– 10 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Осы кезеңде жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, құрсақ диафрагма және жамбас бұлшық еттері қосылып, әйелдің күшену кезеңі басталады. Күшенген кезде жатыр қуыс қысымы қатты жоғарылап, оның күші ұрықтың жатыр қуысынан шығуына әсер етеді және ұрық бірнеше күрделі қимыддар жасап, төменгі бөлігімен (бас немесе құйрығымен) жамбас түбіне түсіп, оған қатты қысым жасайды. Осыдан кейін қосымша құрсақ диафрагма жиырылуы әйелдің күшенуін ұлғайтып, жиілетіп, ұрықтың төменгі бөлігі жыныс қуысын созады. Әйел күшенген кезде созылған жыныс қуысынан нәресте басының шамалы бөлігі көрініп, қайтадан жыныс қуысына кіреді (күшенбеген мезгілде); бұл бастың "кесіп шығуы" - бастың ішкі бұрылысы бітіп, оның шалқаюы басталады. Егер нәресте басы, әйел күшенбеген мезгілде жыныс қуысының сыртында бір қалыпта тұрса - бұны бастың "жарып шығуы" дейді. Бас толық жыныс ернеуінен шыкқаннан кейін, оның денесі туылып, қағанақ суының артқы бөлігі ағады.
III кезең – нәресте туылғаннан кейін басталады. Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуьгмен аяқталады. Нәресте туылғаннан кейін, бірнеше минут жатыр тоникалық жиырылу қалпында болады, жатыр деңгейі кіндік тұсында анықталады. Осыдан кейін жатырдың ретті жиырылуы басталады - бұны бала жолдасының бөлінуіндегі толғақ дейді, осы толғақтың алғашқы кездерінде плацента жатыр қабырғасынан бөліне бастайды. • Бала жолдасы туылғаннан кейін, жатыр қатты жиырылып, оның деңгейі шатпен кіндік ортасында болады. III кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 300– 500 мл аспайды (дене салмағының 0, 5%–ті). III кезеңнің ұзақтығы – 5– 30 минут Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.