Аналық бездер.
Жүктіліктің соңына аналық бездерде пісіп жетілген фолликулаларды анықтауға болады.Бірақ овуляция процесі болмайды, себебі плоцентарлы комплекстің гормондары гипоталамо-гипофиздік жүйені тежейді, ал босанғаннан кейінгі кезеңде – сүт бездерінің функциясы әсер етеді.Қынап.Босанудың алғашқы аптасында қынаптың көлемі жиырылып, кішірейеді, оның қабырғаларының ісінуі, қызаруы жойылады.Босанғаннан кейін – үшінші аптаның соңына ғана жатыр байламдары өз қалпына келеді.Аралықтың бұлшық еттері 10-12 күндері өз күшіне енеді.
Сүт бездері.
Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерінің қызметі артады.Жүктілік кезінен бастап сүт бедерінде өзгерістер пайда болады; емшек ұшынан уыз шығады.Уызда белок, тұз, витаминдер, ферменттер анықталады.Босанғаннан кейін 2-3 күндері сүт пайда бола бастайды, сәби үшін ең қажетті қоректі тамақ сүт – ақ сұйықтық ,реакциясы сілтілік.Құрамы: су 87- 88%, белок – 1,5%, май 3,5- 4,5%, көмірсутегі – 6,5-7% , тұз 0,18-0,2 %.Сонымен қатар сүт құрамына витаминдер, ферменттер және антиденелер кіреді.Босанған әйелдің күй жағдайы. Қалыпты жағдайда босанған әйел ұйқышыл, шаршағыш келеді; дене қызуы 36,6°.Жатырдың жиырылуына байланысты ауыртпалы толғақ байқалады; әсіресе сәбиді емізген кезде.Зат алмасу бірінші аптада жоғарылайды, біртіндеп қалыпты жағдайға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |