Нәрестені өңдеу
Нәрестені өңдеу алдында акушерка қолын залалсыздандырып, аузын бет пердемен байлап, қолына қолғап киеді.Жаңа туылған нәрестені залалсыздандырған науаға жатқызып, стерильденген дәкемен өңдейді- 1% күміс нитратымен немесе 30% альбуцид ертіндісімен( гонобленореядан сақтандыру үшін) Кіндік бауын спиртпен өңдеп, қысқыштың біріншісін кіндік сақинасынан 10 см, екіншісін одан 2 см қашықтықта қыстырды. Қысқыштар арасын қайталап спиртпен өңдеп, қайшымен кіндік бауын кесті. Спиртке малынған стерильді тампонмен кіндік қалдығын сығып, түбінен ұшына қарай созып, кіндік сақинасынан 0,5 см қашықтықта Роговин қысқышын салды, қалдығын қысқыштан 0,5 см жоғары кесіп тастады. Кіндік жарасын 5 % марганцовка ерітіндісімен өңдеп, стерильді дәкемен байлады. Кіндікті өңдеген соң тері жабындыларын өңдеді. Осыдан кейін сәбидің ұзындығын, бас, иық өлшемдерін, салмағын анықтады.
Клеенка қиындысына анасының аты-жөнін, босану тарихының номерін, сәбидің салмағын, бойын, туған күні мен сағатын жазып қолына байлады.
Үшінші кезеңді жүргізу
Бала жолдасының бөліну кезеңі— бала туғаннан кейін басталады, оның бөлініп түсуімен аяқталады. Ба-ла жолдасы жатырдан бір шетінен немесе ортасьшан бөлінуі мүмкін. Орталық бөліну кезінде жыныс жолдарынан қан ағу болмайды, ал шетінен бөлінуде қан ағады. Әдетте, үшінші кезеңде 200—250 мл қан кетеді, бұл кезеңнің ұзақтығы 30—40 минут. Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін ар-найы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.
1. Шредер белгісі — жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұ-сында орналасады, бала жолдасы бөлінген кезде, ол кін-діктен жоғары көтеріліп, оңға қисаяды.
2. Довженко белгісі — әйел терең дем алған кезде ба- ла жолдасының кіндігі жоғары тартылмаса бала жолдасының белінгені деп есептеледі.
3. Чукалов-Кюстнер белгісі бойынша, алақан қыры мен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқан да, бала жолдасының кіндігі жоғары тартылмайды. Оның жатыр қабырғасынан бөлінгенін анықтағаннан кейін, босанған әйелді күшендіріп, жолдасын түсіріп алады.
4. Альфелда белгісі – плацента бөлінген кезде, кіндік бауға салған лигатура 8-10 см төмен түседі. Плацента жатыр қабырғасынан бөлінгеннен кейін, әйелді күшендіріп, бала жолдасын тудырып алады.
Егер бала жолдасы өздігінен түспесе, онда мына тәсілдерді қолданады:
1. Жатырды сипалап, уқалап, содан кейін екі қолмен құрсақ еттерін ұзыннан бүктеп көтеріп, әйелді күшендіреді. Әдетте, жатыр қабырғасынан бөлінген бала жолдасы тез арада түседі(Абдуладзе тәсілі)
2. Дәрігер жатырды уқалап, оның деңгейін ортасына келтіріп, босанған әйелдің сол жағынан тұрып, оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, төрт саусақты артқы қабырғасына, алақанды жатыр түбіне орналастырып, содан кейін жатыр түбін алға, төмен басып бала жолдасын тудырады(Креде Лазаревич тәсілі)
Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеуі қажет. Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса, онда жатыр қуысын қолмен тексереді, босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап, жарақаттанған жерлерге жіп салады.
Үшінші кезеңде әйелді тасымалдауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |