Босану механизімдері.
Босану жолдарына өткенде нәрестенің жасайтын қимылдарының, әсіресе бас қимылының жиынтығын босану механизмі дейді. Босану ағымында нәресте қимылы босану жолының қалпына оның өлшемдеріне омыртқасының жылжу қасиетттеріне босну ағымының күштеріне байланысты. Толғақ басталысымен, нәресте басы бірден қимыл жасап, жамбас қуысна қарай жылжиды.
Басының шүйде сүйегімен туылуы екі түрге бөлінеді, оның жиелігі 96%
Бастың шүйде сүйегімен туылу екі түрге бөлінеді, оның жиілігі – 96 %.
1. Шүйде сүйегінің алға қарап тууы.
2. Шүйде сүйегінің артқа қарап тууы.
Босану механизмі орындалу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
1. Жатыр бұлшық еттерінің жиырлуы;
2. Диафрагманың (көк еттің) және құрсақ еттерінің жиырылуы;
3. Жамбас түбі бұлшық еттерінің жиырылуы;
4. Нәрестенің бас өлшемі мен жамбас қуысы өлшемдерінің сәйкес келуі;
5. Босану күшінің жеткілікті болуы.
Шүйденің алға қарап туылуы төрт кезеңнен тұрады: бірінші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Босану басталған кезде нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең – бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек – жетекші нүкте болады.
Екінші негізгі кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды (қосымша кезең) (41 сурет). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі (42 сурет). Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.
Үшінші негізгі кезең - нәрестенің басы жыныс ернеуін жарып шығып, шаттың төменгі қырының айналасында шалқаяды (қосымша кезең). Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шығады. Осы кездегі бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры. Бұл кезең нәресте басының жыныс ернеуінен толық босанып шығуымен аяқталады.
Төртінші кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Бас туғаннан кейін не оңға не солға бұралыды, оның бұрылуы нәрестенің орналасу бағытына (позиция) байланысты. Егер нәресте бірінші бағытта орналасқан болса, оның беті анасының оң
санына, екінші бағытта орналасқан болса, сол санына бұрылады. Осы кезде нәресте иығының іштей бұрылуы аяқталады. Алдыңғы иық шаттың төменгі етегіне, артқы иық құйымшаққа тіреледі. Алдымен алдыңғы иық босап, содан кейін артқы иық жыныс ернеуінен шығады. Осы сәттен кейін нәрестенің өмірге келуі аяқталады.
Шүйденің алға қарап туу ерекшеліктері:
1. Нәрестенің басы жыныс ернеуінен кіші қиғаш шемімен туады (өлшемі – 9,5 см; айналымы -32 см).
2. Бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры.
Шүйденің артқа қарап тууы
Бірінші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Бұнда да босану басталған кезде, нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбасқа кіреберіс жазықтықтың көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Бұл кезде бас еңкейіп, иегі көкірегіне жақындайды.
Екінші негізгі кезең – бастың жамбас қуысына төмен түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтарынан өте отырып, біртіндеп шүйдесімен сегізкөзге, маңдайымен шат сүйегіне бұрылып (қосымша кезең), жамбас түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді, ал жетекші нүктесі үлкен және кіші еңбектің ортасында болады.
Үшінші негізгі кезең – жарып шығу. Бұл кезеңде бас жыныс ернеуін жарып өткенде, әдеттегідей жазылмайды, керісінше қосымша бөгеледі. Бірінші бекіту нүктесі алдынан, маңдайдың шашымен ұштасқан жері мен (үлкен еңбектің алдыңғы шегі) шаттың төменгі етегінде.
Екінші бекіту нүктесі артынан, шүйде шұңқыры мен құйымшақ арасында. Маңдай шаттың төменгі етегіне тіреліп, бастың көбірек бүгілуіне байланысты жыныс ернеуінен маңдай мен шүйде бір мезгілді шығады. Осыдан кейін бас түзеле, шалқая келе жыныс ернеуінен толық босанып шығады.
Төртінші кезең - иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Осы сәттен кейін нәрестенің толық өмірге келуі аяқталады.
Босану ағымын жүргізу
Бірінші кезеңде босану ағымын жүргізу Дәрігер бірінші кезеңде әйелдің жалпы жағдайын (қан қысымын, тамыр соғуын), толғақ күшінің жиілігін, ұзақтығын, жатыр мойнының ашылу қарқынын және нәресте басының жылжуын анықтайды. Жатырды қолмен сипап, толғақтың күшін толық анықтау жеткіліксіз, сондықтан жатырдың жиырылу қасиетін гистерография, реография, радиотелеметрия арқылы анықтаған жөн. Босану ағымын бағалау үшін партографиялық әдісті қолданады (босану ағымын графикалық тұрғыда бағалау). Бірінші кезеңде – нәрестенің күй–жағдайын, жүрек соғуын бақылау өте қажет. Қазіргі кезде оның жүрек соғуын мониторлық әдіспен бақылайды (КТГ). Босану ағымында КТГ–нің диагностикалық маңызы зор – ұрықтың күй–жағдайын және жатырдың жиырылу қасиетін анықтайды.
Босану ағымында тек сыртқы акушерия тәсілі арқылы жатыр мойнының ашылуын, нәресте басының жылжуын анықтау қиын. Сондықтан қынаптық зерттеу әдісін кеңінен қолданады.
Босану кезеңдеріндегі қынаптық зерттеуге көрсеткіштер:
1) жүкті әйел перзентханаға түскенде;
2) қағанақ суы кеткенде;
3) жыныс жолдарынан қан кеткенде;
4) нәрестенің жүрек соғуы нашарлағанда;
5) босану қарқынын анықтау үшін (тұңғыш босанғандарда 6 сағаттан кейін; бұрын босанғандарда 3 сағаттан кейін);
6) екінші кезеңнің алдында.
Қынаптық зерттеуде: жатыр түбі бұлшық еттерінің, қынап қабырғасының (кеңдігін, үзындығын т.б.) жағдайын анықтай отырып, жатыр мойнынын. ашылу қарқынын, ернеуінің қалың–жұқалығын, жұмсақтығын, қағанақ қуығының жағдайын және ұрықтың төменгі бөлігі – басының еңбектерін, жіктерін және оның жамбас қуысының жазықтықтарына қатынасын анықтайды.
Екінші кезеңде босану ағымын жүргізу
Екінші кезеңде дәрігер әйел дің жалпы күй-жағдайын, толғақтың күшін, ұзақтығын, ұрықтың жүрек соғуын (әрбір күшенуден 1–2 минуттан соң, плацента–жатыр қанайналымы қалыптасқаннан кейін), оның жамбас қуысынан жылжу жылдамдығын анықтайды. Күшену кезінде жатырдың жиырылу қасиетін бағалай отырып, оның төменгі сегментінің жағдайына көңіл бөлу қажет. Акушерия көмегі. Нәресте басы жыныс қуысынан көрінгеннен бастап, акушерия көмегіне дайындалады. Біріншіден, анаға түсініктеме береді – акушерия көмегі кезінде дұрыс терең тыныс алуды, күшену ережелерін үйретеді.
Акушерия көмегін нәресте басы жыныс қуысынан "кесіп-жарып" шығысымен бастайды; себебі оның басы жамбас түбіне қатты қысым жасап, созып, сонымен қатар нәресте басы осы мезгілде босану жолдарының қабырғаларынан қысым алады, осылардың әсерінен аралық жыртылып, нәресте миының қанайналымы бұзылуы мүмкін. Осы кезде дұрыс көрсетілген акушерия көмегі бұл асқынулардың алдын алуға үлкен көмек етеді. Нәресте басымен жатқанда көрсететін акушерия көмегі ("аралықты қорғау") бірнеше қол әрекеттерінен тұрады. Бірінші тәсілде – нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету. Ол үшін акушерка сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан "кесіп-жарып" шығып келе жатқан бас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарынан тез жылжымауына кедергі жасайды. Екінші тәсілде – аралық ұлпасына түсетін күшті азайту. Ол үшін: оң қолды алақан жағымен аралыққа қойып, төрт саусақты сол, үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын жайлап басыңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып, оны қорғайды, сөйтіп оған түскен күшті азайтады.
Үшінші тәсілде – әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады (әйел қатты күшене бастайды).
Күшену күшін реттеу үшін: шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде, әйел күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алуы керек. Акушерка әйелдің күшенуі біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп, оң қолының саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, шығарып алады. Төртінші тәсілде - нәресте иығын босатып, оны тудырып алу. Нәресте басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенген кезде, бас бетімен ананың оң не сол санына бұрылады (позициясына карама–қарсы), иық ішкі бұрылыс жасап, жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы, содан кейін артқы иық шығады. Ол үшін акушерка нәрестенің басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша, оны ақырындап төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, артқы иықты босатып аладі. Иық белдеуі шыққан соң қолтық астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп, нәрестені тартып тудырып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |