Зәр шығару жүйесі
Босану ағымына байланысты қуықтың гипотониясы байқалады, әйелден зәр шығару қиындайды, біртіндеп 2-3 күндері қалпына келеді.Бүйрек қалыпты жағдайда жұмыс істейді, тәуіктік зәр алғашқы күндері жоғары 2-5 күндері өз қалпына келеді.Асқазан мүшелері қалыпты жағдайда, ішек атониясына байланысты алғашқы күндері үлкен дәретке отыру қиындайды.Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу Бұл кезеңді жүргізудің мақсаты- ана мен сәбидің септикалық ауруларының алдын алу (асептика және антисептика ережелерін сақтау).Босану жолдарына емшек ұшына инфекцияның енуі қауіпті.
Сәби организмінің физиологиялық ерекшеліктері
Мезгілі жетіп туылған сәбидің салмағы 2500 г және одан артық, бойы 48 см одан жоғары, терісі қызғылт, теріасты майлары жетілген, тырнақтары бармағының шетінен шығып тұрады.Құлақ шеміршектері жетілген, шашының ұзындығы 2 см артық, кіндігі төс пен шаттың ортасында орналасқан.Ұлдардың жұмыртқасы дорбасында орналасқан, қыздарда кіші жыныс ернеуін үлкен жыныс ернеуі жауып тұрады, ему рефлексі жетілген.Жаңа туылған сәби бастапқы 2-3 күнде 3-10% салмағын жоғалтады, 6-7 күндерде қалпына келеді, 2-3 күнде сәбидің терісі сарғыштанады, бұл бір-екі аптаға созылуы мүмкін.Қалыпты жағдайда кейде сәбидің емшегі 3-4 күн ісініп мазасызданады, қыз жыныстыларда 3-7 күндері етеккірге сәйкес қызыл қан келіп, ол 1-2 күнде тыйылады.Кейде сәби денесінде қызыл дақтар (эритема) 1-5 күндері аралығында пайда болып, 2-3 күннен кейін тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |