Ботагариев Т. А. (қолы) (аты-жөні)



бет6/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,24 Mb.
#20213
1   2   3   4   5   6   7

ІІ – вариант.


  1. Метрология ғылымы нені зерттейді?

А) түп деректердің сыртқы белгілерін.

Б) түрлі өлшем бірліктердің даму тарихын.

В) ақша жүйесін.

Г) жеке атаулардың пайда болу тарихын.

2. Славян алфавитінің құрастырылуы туралы мәселе кімдердің есімімен байланысты?

А) И.И. Срезневский және Л.В.Черепнин.

Б) Мефодий және Агрикол.

В) Ю.Цезарь және Август.

Г) Кирилл және Мефодий.

3. Кириллица алфавиті қанша таңбадан тұрады?

А) 39.

Б) 42.


В) 43.

Г) 40.


4. Сусымалы денелер сыйымдылығының өлшемдері?

А) бочка, ведро, корчага.

Б) половник, осьмин, кадь.

В) гривна, половник, кадь.

Г) верст, сажень, осьмин.

5. ХҮІ ғ. пайда болған, 27 ағылшын дюймына тең болған аршын қанша см-ді құрады?

А) 72,4 см.

Б) 68,6 см.

В) 88,2 см.

Г) 76,8 см.

6. Кітап гравюрасы қашан пайда болды?

А) ХҮІІІ ғ.

Б) ХҮ ғ.

В) ХІХ ғ. І ж.

Г) ХІХ ғ. ІІ ж.

7. 1885 ж. жарық көрген палеография жөніндегі басшылық құралының авторы?

А) В.Н.Щепкин.

Б) Е.Ф.Карский.

В) А.В.Муравьев.

Г) И.И.Срезневский.

8. ХІҮ ғ. аяғына дейін қандай графика үстемдік етті?

А) жедел жазу.

Б) жартылай устав.

В) устав.

Г) құпия жазу.

9. ХҮІІІ ғ. ІІ ж. жедел жазу графикасына әсер еткен маңызды факторлардың бірі?

А) халықаралық қатынастардың жақсаруы.

Б) азаматтық шрифттің енгізілуі.

В) Петр І реформалары.

Г) Моңғол-татар шапқыншылығы.

10. Рококо – бұл . . .

А) Жазу графикасының ХҮІІІ ғ. неғұрлым жаңа түрі.

Б) Жазу материалы.

В) ХҮІІІ ғ. кітап орнаментіндегі бейнелеу стилі.

Г) ХҮІІІ ғ. миниатюра.

11. Европалық өнеркәсіптердегіқағаздарда судағы белгілер қашан пайда болды?

А) ХІҮ ғ. І ж.

Б) ХІІІ ғ.

В) ХІҮ ғ. соңында.

Г) ХҮ ғ.


12. Орыс алфавитінің құрылымын өзгерту үшін зор маңызға ие болған 1918 ж. реформа бойынша қандай әріптер алынып тасталды?

А) ять, фита, ижица.

Б) юсы, кси, пси.

В) ижица, омега, пси.

Г) аз, буки, ерь.

13. ХІ – ХІҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін зерттеу үшін негізгі дерек көздерінің бірі?

А) «Соборлық Жарғы».

Б) «Игумен Данилдің Қасиетті жерге баруы».

В) «Апостол».

Г) «Мстислав евангелиясы».

14.1966 ж. жарық көрген «Орыс палеографиясы» еңбегінің авторы кім?

А) С.А.Рейсер.

Б) Н.С.Чаев.

В) М.Н.Сперанский.

Г) М.В. Муравьев.

15. Палеографияда судағы белгілерін бейнелеу үшін қолданылатын тордағы вертикаль сызықтар қалай аталады?

А) филигрань.

Б) вержер.

В) пантюзо.

Г) барокко.

16. Қағаздағы ерте штемпельдің пайда болуын С.А.Клепиков қай уақытқа жатқызады?

А) 1828 ж.

Б) 1839 ж.

В) 1863 ж.

Г) 1889 ж.

17. ХІ-ХҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін арнайы зерттеген академик Б.А.Рыбаков үлкен пядьтың қанша см-ге тең екендігін анықтады?

А) 19-20 см.

Б) 22-23 см.

В) 20-21 см.

Г) 25-26 см.

18. Адамның жоғары созғандағы қолының саусақтарынан аяғының саусақтарына дейінгі қашықтықта анықталғансажень қалай аталады?

А) өлшемдік сажень.

Б) қарапайым сажень.

В) қисық сажень.

Г) түзу сажень.

19. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. француз қағаздарының судағы белгілерінде не бейнеленді?

А) секира.

Б) дельфин.

В) бір басты бүркіт.

Г) бұқаның өрнектелген басы.

20. ХҮ ғ. жартылай уставта болгар кітап шығарушылары әкелген қандай тыныс белгісі пайда болды?

А) сызықша.

Б) қос нүкте.

В) нүкте.

Г) үтір.

21. Устав – бұл . . .

А) әріптердің геометриялылығы, ара қашықтығы сақталған жазу.

Б) қарапайым суретті жазу.

В) шағын адамдар тобына ғана түсінікті жазу.

Г) әріптері қосылып, тездетілген жазу түрі.

22. Мәтіннің жаңа жолдағы ерекшеленіп боялған бастапқы әрпі қалай аталады?

А) концовка.

Б) заставка.

В) инициал.

Г) жағалау өрнек.

23. Ежелгі Русь мемлекетіндегі ХҮ ғ. ең ірі ұзындық өлшемі?

А) уборок.

Б) поприще.

В) лукно.

Г) лукошко.

24. Кейбір зерттеушілер гривнаны византиялық салмақ өлшемі литрмен (римдік - либра) байланыстырады және оны алғашқыда қаншаға тең деп есептеді?

А) 409,512 г.

Б) 204,36 г.

В) 348,29 г.

Г) 136,44 г.

25. ХҮІІ ғ. бастап Ресейде қай елден әкелінген қағаздар қолданыла бастады?

А) Франция.

Б) Голландия.

В) Италия.

Г) Испания.



Әдістемелік нұсқаулар: топтық жұмыс. Тестпен жұмыс.

Үйлестіру құралдары: тест сұрақтары.

Әдебиет:

  • Тихомиров М.И.и др. Русская палеография. М.,1982.

  • Рейсер С.А. Палеография и текстология нового времени. М.,1970.

  • Муравьев А.В. Русская палеография. М.,1956.

  • Щепкин В.Н. Русская палеография. М.,1967.

  • Черепнин Л.В. Русская палеография и другие вспомогательные исторические дисциплины. М.,1974.

  • Пронштейн А.П., Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер.А., 1978. 6-20 б.

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 14-50 беттер.

  • Черепнин Л.В. Русская метрология. М.,1988 г.

  • Каменцева Е.И., Устюгов Н.В. Русская метрология. М.,1975.

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 51-54 беттер.

  • Пронштейн А.П., Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер.А., 1978. 44-46 б.

  • Введение в специальные исторические дисциплины. Моск. унив.,1990 147 б.


ОЖСӨЖ № 14

Тақырыбы: ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. өлшемдердің ХҮІІІ-ХХ.ғ. бас. өлшемдермен салыстырмалы кестесін құру.

Мақсаты: студенттерді салыстырмалы сипаттама беру арқылы өлшем бірліктердің ерекшеліктерін ажыратуға үйрету.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: кесте толтыру.




ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. өлшемдер:

ХҮІІІ-ХХ.ғ. бас. өлшемдер:

Негізгі түрлері:







Сипаты:







Мәні:







Метрикалық жүйеге қатынасы:







Әдістемелік нұсқаулар: топтық жұмыс.

Әдебиет:

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 72-79 беттер.

  • Пронштейн А.П., Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер.А., 1978. 57-59 б.

  • Введение в специальные исторические дисциплины. Моск. унив.,1990 147 б.

  • Черепнин Л.В. Русская метрология. М.,1964 г.

  • Каменцева Е.И., Устюгов Н.В. Русская метрология. М.,1975


ОЖСӨЖ № 35

Тақырыбы: өз туған өлкесінің топонимикасына сипаттама беру.

Мақсаты: туған өлке тарихы туралы түсінік қалыптастыру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: туған өлке тарихы туралы әдебиеттердегі, энциклопедиялардағы, басылымдардағы мәліметтер негізінде баяндама жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: дөңгелек үстел.

Әдебиет:

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 157-168 бет.

  • Введение в специальные исторические дисциплины. Моск. унив.,1990. 215-225 беттер.

  • Суперанская А.В. Что такое топонимика? М.,1986 г.

  • Никонов В.А. Введение в топонимику. М.,1965 г.



ОЖСӨЖ № 39

Тақырыбы: Тарихи тұлға атауларының шығуына сипаттама беру.
Мақсаты: студенттерге тарихи тұлға атаулары туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: тарихи тұлға атауларының кестесін толтыру.

Қазақ тарихында өрнекті орын алатын тарихи тұлға атауларының антропонимикасы.



Тарихи тұлға.

Мәні.



















Әдістемелік нұсқаулар: дискуссия. Кесте толтыру.

Әдебиет:

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 170-177 бет.

  • Введение в специальные исторические дисциплины. Моск. унив.,1990. 202-215 беттер

  • Никонов В.А. Имя и общество. М.,1974 г.


ОЖСӨЖ № 42

Тақырыбы: Әрбір студент өзінің генеалогиялық кестесін құру.

Мақсаты: студенттерді өз тегінің шығу тарихымен таныстырып, шежіресін құруға үйрету.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: өз генеалогиялық кестесін жасау, талдау жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: жеке жұмыс.

Әдебиет:

  • Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 170-177 бет.

  • Введение в специальные исторические дисциплины. Моск. унив.,1990. 202-215 беттер


Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты мен міндеттері.

Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.

Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:

-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;

-үй тапсырмаларын орындау;

- семинар сабақтарына дайындалу;

-семестрлік тапсырмаларды орындау;

-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.

Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.

Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.



Өткен материалдарды қайталау.

Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.

Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.

Дәріс мазмұнымен танысуға кіріспес бұрын мынаны орындау керек:

-жұмыс орынын анықтау(егер үйде немесе жатақханада қажетті жағдай жоқ болса, онда оқу залының қызметіне жүгінген жөн) қажет;

-дәріс конспектісі болуы қажет;

-оқып жатқан пән бойынша оқу бағдарламасы болуы керек;

-дәріс бойынша берілген әдебиеттердің болғаны жөн;

Жұмыс істеу әдістері.

- жақында еске сақталған мәліметтер бойынша мақсатты түрде дәріс материалдарын қайта өңдеу(кейінге қалдыруға болмайды, дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

-конспектімен жұмыс істеу барысында әдебиетке сілтеме істеген жөн, қажетті толықтыруларды енгізу мен қате кетсе түзету енгізу(бұл емтиханға даярланғанда қажетті болады);

-тақырыппен жұмыс істеу материалды толық түсінгенше және есте сақтағанша жүзеге асады. Ол оқулықтар мен әдебиеттерде көрсетілген мысалдар мен міндеттерді өңдеген соң аяқталады;

-егерде тақырыппен жұмыс істеліп болған түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар туындаса, онда оларды келесі дәріс барысында оқытушыға қоюға болады;

Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.

-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;

-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;

-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.

Семинар сабақтарына дайындық.

Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:

-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;

-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.


8. ЖОҚ

9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДАР
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары

  1. ХІ-ХІІ ғғ. Ежелгі Русьтегі жазба ескерткіштері.

  2. Кириллица және глоголица.

  3. ХІІ-ХҮ ғғ. Русьтегі жазба ескерткіштері.

  4. Орыс метрологиясының пайда болуы мен дамуы.

  5. Метрологиялық түп деректер және оларды зерттеу әдістері.

  6. ХҮ-ХҮІІ ғғ. өлшем бірліктер және олардың ерекшеліктері.

  7. Кеңестік метрологиялық жүйе.

  8. Юлиан және григориан күнтізбелері.

  9. Ежелгі замандағы күнтізбелер.

  10. Тарихи хронологиялық зерттеу әдістері.

  11. Эра және олардың түрлері.

  12. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. ақша жүйесі.

  13. Мөрлердің пайда болуы және олардың түрлері.

  14. Герб және оның құрамдас бөліктері.

  15. Тарихи ономастика.

  16. Тарихи топонимика.

  17. Тарихи этнонимика.

  18. Тарихи антропонимика.

  19. Генеалогиялық зерттеу әдістемесі.

  20. ХҮ-ХҮІІ ғғ. орыс мемлекетіндегі шендер мен наградалар.

  21. Рангілер туралы табель.

  22. Орыс генеалогиясының шығу тарихы.

  23. Қазіргі кезеңдегі шендер мен наградалар.

  24. Монеттер - өткен дәуір бейнесі.

  25. Тарихи география.

  26. Күнтізбе түрлері және оларды құрастыру принциптері.

  27. ҚТП ретінде хронологияның пайда болуы мен дамуы.

  28. ХҮ-ХҮІІ ғғ. орыс мемлекетінің жазба ескерткіштері.

  29. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. жазба ескерткіштер.

  30. ХҮІІІ ғ. мен ХХ ғ. бас. Орыс метрологиясы.

  31. Нумизматиканың пайда болу тарихы.

  32. КСРО монеттері.

  33. Ресей империясының мөрлері.

  34. Ежелгі орыс мемлекетінің мөрлері.

  35. картография.

  36. Хронологиялық зерттеу әдістемесі.

  37. Палеография және оның даму тарихы.

  38. Палеография әдістерін тарихи зерттеу процесінде қолдану.

  39. Метрология мәліметтерін қолдану әдістері.

  40. Қосалқы тарихи пән тарихнамасы.

  41. ХІҮ-ХҮ ғғ. орыс монеттері.

  42. Батыс Европа елдерінің монеттері.

  43. Орыс геральдикасының даму тарихы.

  44. Топонимикалық зерттеу әдістері.

  45. Генеалогиялық түп деректер.

  46. Қазақтардағы уақыт санау.

  47. Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйесі.

  48. Айлық күнтізбе. Күндік күнтізбе. Айлық-күндік күнтізбе.

  49. Қазақтардың генеалогиялық шежіресі.

  50. ҚР-ның мемлекеттік символдары.

51. ХҮІІІ-ХХ ғ. Қазақстанның тарихи топонимикасы мен антропонимикасы.

10. ЖОҚ

11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР

- білімді бағалау кестесі.

- жазбаша бақылау тапсырмалары.

- тест сұрақтары.

- өздігінен дайындалу үшін арналған сұрақтар.

- емтихан сұрақтары


Пән бойынша білімді бағалау кестесі.



«Қосалқы тарихи пәндер» бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалау


критериясы

Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін%

Барлығы%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.

Дәріске қатысу

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

1

8

+

+


+





+





+





+


+





+











3

Практика

лық сабақ



1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Бақылау жұмысы (тест түрінде)

1

2










+



















+













5

Өзіндік жұмыс (реферат, тарихи терминдермен жұмыс)

5

10
















+



















+







6

Аралық білім бақылауы

5

10



















+



















+




7

Р12




60














































8

Емтихан




40














































9

Қорытынды




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максимальды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның баллдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет